Бейсенбі, 08 Тамыз 2019 16:33

Түркістан: Шардара ауданында «Тіл мерейі» атты байқау өтті

Мемлекеттік тіл халықтар достығының дәнекері. «Жастар жылына орай мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген өзге этнос жастарын анықтау және ынталандыру, мемлекеттік тілдің беделін артыру мақсатында Шардара аудандық «тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл мерейі» атты аудандық байқау өтті. Аталмыш шараға сегіз үміткер қатысып, мемлекеттік тілде бар өнерін ортаға салды.

Шардара ауданында біршама этнос өкілдері өмір сүруде. Олардың үлкені де кішісі де мемлекеттік тілді үйреніп өскен орталарында құрметті жандар. Солардың бірі Анастасия Элизарова. Орыс ұлтынан болса да қазақ тіліне деген сый-құрметі ерекше. «Балбөбек» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс атқарып келе жатқан Анастасия бүлдіршіндерге мемлекеттік тілді дәріптеп келеді.

Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы айналымда қатысушылар ұяшықта жасырылған салт-дәстүр жайындағы сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Кейін кез-келген жанрдағы қазақша мәтінді мәнерлеп оқыды. Үшінші кезеңде қазақ тілінің лексика мен грамматикасынан тест тапсырып, қазақтың ақын-жазуашыларының шығармаларын орындады. Тіл -  ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Ал тіліміздің дәрежесі күннен-күнге қарқындап өсіп келеді. Оған бүгінгі сайыс дәлел.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 709 рет