Сейсенбі, 15 Қазан 2024 01:11

Шымкенттік шорт-трекшілер Ел біріншілігінде 3-ші орыннан көрінді

1-5 және 8-12 қазан аралығында Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтті. 

Жарысқа еліміздің 10-нан астам өңірінің үздік юниор спортшы қатысты.  Оның ішінде шымкенттік 11 спортшы өнер көрсетті. Атап айтар болсақ:

???? Темірхан Айбек - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
???? Асылхан Қасымбек - спорт шеберіне үміткер
???? Ниязұлы Сұлтан - спорт шеберіне үміткер
???? Жасұзақ Дарын - спорт шеберіне үміткер
???? Балғабек Райымбек - спорт шеберіне үміткер
???? Сырымова Асылжан - спорт шебері
???? Амантай Аяна - спорт шеберіне үміткер
???? Момыналиева Сабина - спорт шеберіне үміткер
???? Налибаева Лаура - спорт шеберіне үміткер
???? Байтлес Мерей - спорт шеберіне үміткер
???? Бекқараева Ұлдана - спорт шеберіне үміткер

Жасөспірімдер 1500 метр қашықтықта және 3000 және 5000 метрлік командалық эстафетада жарысты. Олар мұз үстінде жылдамдықтары мен шеберліктерін көрсетіп, түрлі дисциплинада бақтарын сынады.

Шымкент қаласы №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұлдар командасы: Асылхан Қасымбек, Ниязұлы Сұлтан, Балғабек Райымбек, Жасыұзақ Дарын 3000 метр қашықтықтағы эстафетада 3 - орын иеленді.

5000 метр қашықтықтағы эстафетада да  Темірхан Айбек, Асылхан Қасымбек, Ниязұлы Сұлтан, Балғабек Райымбек, Жасыұзақ Дарыннан құралған спорт мектебінің ұлдар командасы 3 - орынды иеленді.

Әдеттегідей іріктеу кезеңдері, ширек финал, жартылай финал және финалдық жарыстар ұйымдастырылды. Республикалық турнир іріктеу мәртебесіне ие. Оның нәтижесі бойынша Қазақстанның жаңа маусымдағы құрамасы жасақталды. Яғни, алдағы маусымда халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын 20 спортшыны іріктелді. Алғашқы екі әлемдік дода 26-27 қазан күндері өтеді. Канаданың Монреаль қаласы World Tour сериясындағы турнирлерді бастамақ.

«Ақ-қараның» анықтамалығы:

Шорт-трек конькимен жылдамдыққа жүгірудің бір түрі. Конькишілер қысқа қашықтықта әрі жылдамдыққа жарысады. «Short Track» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Қысқа қашықтық» дегенді білдіреді. Шорт-трек жарысында 500, 1000,1500 және 3000 метрлік қашықтарда күш сынасады. Конькимен жүгіру кезінде өзінің қарсыластарын ешқандай ережені бұзбай басып озып, финалға жеткен, ең жақсы спорттық техниканы көрсеткен жүгіруші жеңімпаз атанады. Қазақстанда шорт-тректің дамуы 1931 жылы басталған. Ол Петропавловскіде «Динамо» стадионында өткізілген.

Оқылды 44 рет