Түркістан облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде

Түркістан облысында биыл 7 орман өрті тіркеліпті. Бүгінгі таңда төтенше жағдайлардан келтірілген жалпы материалдық шығыны анықталуда екен. Осы сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар да атқарылып жатса керек. Бұл туралы облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Бақытжан Запаров өңірлік коммуникациялық қызметіндегі баспасөз жиынында мәлімдеді.

Биыл Түркістан облысында 55 мыңға тарта бала 1 сыныпқа барады

Түркістан облысында 2018-2019 жаңа оқу жылында 1 381 балабақша, 907 мектеп және 94 колледж жұмыс істейтін болады. Бұдан өткен жылмен салыстырғанда биыл білім беру нысандары 4-уге артқанын көруге болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлімдеді.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа тұжырымдамасы түзілетін болады

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен селекторлық жиында өңір басшысы Жансейіт Түймебаев аудан, қала әкімдеріне айтып, ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Ендігі кезекте облыстың экономикалық драйвері ауыл шаруашылығы саласы екенін алға тартқан әкім саланы мықтап қолға алу қажеттілігін міндеттеді.

Түркістан облысында білім гранттарын бөлуге қоғам өкілдері қатыстырылмақ

Білім беруге бөлінген қаражаттың жыл сайын ұлғаюы олардың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етудің өзектілігін арттырады. Осы мақсатта, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде білім беру гранты мен мемлекеттік білім беру тапсырысын тағайындаудағы конкурстық комиссияның жұмысына қоғам өкілдерін қатыстыруды жоспарлап отыр екен.

Түркістан облысында 6 айда 300-ден астам кәсіпкерге несие берілген

Түркістан облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 300-ден астам кәсіпкерге несие берілген. Жалпы, осынау жұмыстарға 2018 жылға 3,282 млрд теңге қаржы қаралып, несиелендіру жұмыстары жүргізілуде екен.

Түркістан облысының әкімі жасанды талшық өндіретін зауыттың құрылысымен танысып қайтты

Таяуда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Бадам» индустриялды аймағында орналасқан «Полиэтилентерефталат (ПЭТ) қалдығының жасанды талшығы өндірісі» зауытының жүру барысымен танысып қайтты.

Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылардың саны 24 мыңнан асқан

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2018 жылдың І жарты жылдығына дейін 24 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған. 24 мың отбасы, яғни, ондағы 139,5 мың адамға қазына қаржысынан 7639,2 млн. теңге қаралып, оның ішінде, 127,5 мың адамға (91,4%) шартты ақшалай көмек, 12 мың адамға (8,6%) шартсыз ақшалай көмек тартылған.

Түркістан облысында «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істеп жатқан жастардың саны 500-ден асады

Түркістан облысында жазғы демалыс кезінде қосымша қаржы тауып, «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарында жүрген жастардың саны жыл санап артып келе жатқаны белгілі. Биылғы жылдың маусым айынан бастап қолға алынған шарада бүгінге дейін 500-ден астам студент еңбек етіп, аймақтағы түрлі нысандардың абаттандырылуына атсалысып келеді.

Түркістан мен Ташкент облыстары ортақ туристік бағдар құрмақ

Жағымды жаңалық! Жақында Түркістан мен Ташкент облыстары ортақ туристік бағдар құратын болады. Екі көне шаһардың арасында саяхатшыларды тасымалдайтын Түркістан-Ташкент, Ташкент-Түркістан туристік автобус бағыттары ашылып, екі елдің туроператорлары Халықаралық көрмелерде бір стендте бірлесіп қатысатын болады. Мұндай келісімге «Ontustik Tourism Center» Туристік Ақпараттық орталығы Ташкент қаласында ұйымдастырған  «Жібек жолындағы туризм – WorkShop» іс-шарасы аясында қол жеткізілді.

Түркістанға қарасты 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды

Мұндай шешім таяуда Түркістан облысында өткен облыстық мәслихаттың сессиясында қабылданды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІІ сессиясында мәлім болғандай, Түркістан қаласындағы 721745 га аумақ жер, яғни, 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды.