Саурандық кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама арқылы 10 адамды жұмыспен қамтыды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы орайда, Түркістан облысында халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады.

Шымкентте биыл 1 мыңнан астам адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданады

Отандық өндірісті дамыту мақсатында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұйымдастырылуда. 2023 жылы «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 2431 азамат түрлі мамандық бойынша оқу ұйымдарына мерзімді кәсіптік оқуға жолданған. Биыл кәсіпорындар мен мекемелердің сұранысы бойынша 1 110 жұмыссыз азаматқа қайта оқыту курсына жолдама беріледі.

Түркістан облысында карьерлерді заңсыз пайдаланушыларға қарсы күрес жалғасуда

Түркістан облысында заңсыз карьер қазушыларға қарсы күрес күшейтіле түсті. Осы салада атқарылған жұмыстар мен жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды табиғатқа зиянын тигізіп, заңсыз әрекетке барған жер қойнауын пайдаланушыларды қатаң бақылауға алып, тиісті жұмыстар жүргізуді жалғастыруды тапсырды.

Түркістан: Келесте жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде

Келес ауданындағы жолдарды және әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерді қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Оған 50-ге жуық жұмысшысы атсалысты.

Атап өтсек, республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолына 77,6 шқ «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ тарапынан 4 техника 11 жұмысшы жұмылдырылған.

Сонымен қатар облыстық маңызы бар, 261,1 шқ автомобиль жолына «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан 2 техника, 10 жұмысшы шықса, аудандық маңызы бар 122,5 автомобиль жолдарымен аудан орталығы Абай ауылының ішкі көшелеріне «Султан и К» ЖШС 2 техника, 5 жұмысшы, «Келес қызмет» КММ 6 техника, 25 жұмысшы жұмылдырылып, автомобиль жолдары қардан тазалап құм, тұз шашу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстардың барысы аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың бақылауында. Сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі штаб мүшелеріне нақты тапсырмалар жүктелген. Нақтырақ айтсақ, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін қатаң бақылауға алу, жылыту маусымындағы қауіпсіздік шараларын сақтауға, аудандық маңызы бар жолдар мен елдімекендердің ішкі көшелерін, ең бірінші кезекте мектепке, балабақшаға және медицина мекемелеріне алып баратын көшелерді қардан тазартуға арнайы тапсырма берілді.

 

Шымкентте 1300-ден астам азаматқа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілген

Шымкентте былтыр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 1300-ден астам адамға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді – деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан: мақталы өңірде балық шаруашылығын дамытуға күш салынуда

Бүгінде жасанды тоғандар мен су нысандарында балық өсіру бойынша елімізде Түркістан облысы көш бастап тұрса, соңғы жылдары Жетісай ауданында тауарлы балық шаруашылығымен айналысуға деген қызығушылық артып келеді. Соның бірі – Атамекен ауылдық округінің тұрғыны Өмірзақ Маханов.

Жетісай ауданында «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы сәтті жүзеге асып келеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы Жетісай ауданында да кеңінен қолға алынған. Бұл бағытта арнайы дайындалған жылыжайлардың да көлемі жыл сайын арта түсуде.

Шымкент: сусын шығаратын зауыттың жұмыс қарқыны талқыланды

Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбеков «Coca-Cola Almaty Bottlers» БК» ЖШС өкілдерімен кездесті. Осыған дейін екі тарап сусын зауытын салу жобасын талқылап, сауда-логистикалық орталықтың аумағында 16 гектар жер телімі бөлінді.