Сондай-ақ, прокуратура, полиция өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдап, шешімдерін пысықтады. Жеке қабылдауға келген тұрғындар жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты өтініштері мен ұсыныстарын білдірді.
Ғабит Әбдімәжитұлы азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселені жіті тыңдап, заң шеңберінде, шұғыл түрде шешім қабылданатынын жеткізді. Сонымен қатар жауаптыларға тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, туындаған мәселелерді шешуде азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын ескеруді тапсырды.