Шымкент: Бірінші және екінші ауысымда 213 мыңға жуық бала демалыспен қамтылды

Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы 245 862 оқушының 232 424 оқушысын (94,6 %) жазғы демалыспен қамту жоспарланған. 

Оның ішінде 18 934 бала (9 494-і жергілікті бюджет, 9 440-ы демеушілер қаражаты есебінен) және кәсіподақ тарапынан 90 бала қала сыртындағы және 213 400 (ата-аналар) бала мектеп жанындағы алаңдарда демалады дейді, - Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтып өтті.

Мектеп жанындағы алаңдардың жұмысы ағымдағы жылдың 27-мамырдан басталып, бірінші және екінші ауысымда   213 мыңға жуық бала демалыспен қамтылған. 

2024 жылдың жаз айында балаларды сауықтыру, жетілдіру, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қала сыртындағы 7 лагерге бір көзден отыру бойынша ұсыныс беріліп, балалар ауысыммен демалуда.

 Атап айтқанда,  Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Бәйшешек», «Көктөбе», «Тау шыңы» және Сайрам ауданындағы «Арыс» лагерлерінде демалуда. Ағымдағы жылдың 12 шілдесінен бастап «Машат - Арасан», «Гаваи» және «Тур база» лагерлерінде ауысыммен демалатын болады. 

20 маусымнан бастап Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Көлкент елді мекенінде орналасқан Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты мемлекеттік «Ақсу» лагеріне 200 бала демалуға жіберілді, қазіргі таңда демалуда.

Балалар үйінің 114 тәрбиеленушісі 10-маусымнан бастапқала сыртындағы «Үшбұлақ» лагерлерінде демалуын жалғастыруда. Балалар оқу жылының басталуына дейін демалатын болады. 

Бугінгі таңда қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде 1356 бала демалыспен қамтылды. Оның ішінде, 429 бала демалып  қайтты, ал 927 бала демалуда.

Сондай-ақ 7 мемлекеттік мектептен тыс мекемелердің спорттық және шығармашылық үйірмелерінде 20 403 оқушы және 36 жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыспен 12 300 баланы қамтылуда.

 

Шымкентте судағы қауіпсіздік басты назарда!

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.а, азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлы - шомылу кезеңінде су айдындарында қауіпсіз демалуды сондай-ақ жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірді.

Парламент мәжілісінің депутаты Шымкенттегі әскери бөлімде болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Олжас Құспеков Ұлттық ұланның 6506 әскери бөліміне барды. Мәжілісменнің айтуынша, оның бүгінгі жұмыс сапарының негізгі мақсаты осы әскери құрылымның тыныс-тіршілігімен таныстыру болып табылады.

Сенат төрағасы Шымкенттің белсенді жастарымен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Шымкент қаласының мәслихат депутаттарымен кездесті. Онда Мемлекет басшысы Жолдауда және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларды іске асыруға жолындағы міндеттер, қаланың дамуына тигізетін Сенаттың ықпалы және Палата мен мәслихаттардың бірлескен жұмысының жаңа форматы талқыланды.

Сенат төрағасы Шымкент тұрғындарымен инфрақұрылым және логистика мәселелерін талқылады

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Шымкент қаласының мәслихат депутаттарымен кездесті. Онда Мемлекет басшысы Жолдауда және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларды іске асыруға жолындағы міндеттер, қаланың дамуына тигізетін Сенаттың ықпалы және Палата мен мәслихаттардың бірлескен жұмысының жаңа форматы талқыланды.

Шымкент: Қайтарымсыз грантқа өтінім беру басталады

Биылғы жылдың 15-26 шілде аралығында Business.enbek.kz порталы арқылы 2-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінімдер қабылдана бастайды.  Екінші лекте 216 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. Гранттар  нысаналы мақсаты жаңа бизнес бастау және дамыту болып табылған жағдайда қайтарымсыз негізде беріледі.

Шымкент қаласы әкімінің нысандарды аралауы жалғасуда

Шымкент  қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданына қарасты Ұлағат шағын ауданындағы кәріз желілерінің жай-күйін тексерді. Нысанға 2021 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2022 жылы қабылдау актісіне қол қойылған. Тексеру барысында  мердігер ұйымның немқұрайлығына байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде көптеген кемшіліктер орын алғаны  анықталды.  Мәселен, Баянды, Ақбұлақ, Ақсарай және Көкөзен көшелерінде жалпы ұзындығы 700 метрге жуық кәріз құбыры жүргізілмеген.  Кейбір көшеде құбыр биік жерге орнатылғаны және кәріз-сорғы станциясы мүлде іске қосылмағаны анықталды. Кәріз құдықтары қоқыспен толтырылған. Жұмыс аяқталғаннан кейін де компания бірнеше көшеде қазылған жолды қалпына келтірмеген.

Ордабасы ауданы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акцияда абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Ордабасы ауданында қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған акцияға аудан тұрғындары, жастары мен еріктілері белсенді атсалысуда. Аудан көлемінде экологиялық акция аясында ағымдағы жылдың бүгінгі таңға дейін 30 жуық ауқымды сенбілік өткізілді.

Шымкентте апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарығынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылуда

Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, апта сайын қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда. Жәрмеңкеге жауапты мемлекеттік мекемелер бекітілген.