Super User

Super User

Түркістан облысы: Түлкібас ауданын дамыту, инфрақұрылмын жақсарту жолдары талқыланды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауданды дамыту, инфрақұрылмын жақсарту, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланды. Өңір басшысы билік пен халық бірлесе жұмыс атқарса ғана аймақ дамитынын айтты. Өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, ауылдарды абаттандыру, тазалық жағдайын жақсарту мәселесі маңызды екенін жеткізді.

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында өндіріс жанданып келеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына жұмыс сапарымен барды. Бүгінде Түлкібас ауданында мемлекеттік қолдаумен өндіріс саласы қарқынды дамуда. Жергілікті кәсіпкерлер субсидия, жеңілдетілген несие алып, бизнесін кеңейтіп жатыр. Пандемия кезінде тұралап қалған кәсіпорындар жұмыстарын жандандырды.

Түркістан: «Нәтиже» жобасын таныстыру шарасы ұйымдастырылды

Түркістан қаласы әкімдігі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ «Қамқорлық» отбасын қолдау секторының қызмет алушыларына «Нәтиже» жобасын таныстыру шарасы өтті.

Сауран ауданында 39 инвестициялық жоба іске қосылып, 700-ге жуық тұрғын жұмыспен қамтылды

Сауран «аудан» статусына ие болғаннан бастап инвестициялық әлеуеті көтеріліп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Жеке инвесторлардың аудан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызғушылығы артқан. Өткен жылы ауданға 34,6 млрд. теңге инвестиция тартылған болса, биыл инвестиция көлемін 42 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының Сауран ауданына сапары барысында аудан тұрғындарымен кездесуінде Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров баяндады.

Осы RSS каналға жазылу