Түркістанда шағын және орта бизнестің өнім көлемін ұлғайту бойынша жиын өтті
Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтың тапсырмасымен «Бизнесті көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнестің өнім шығару көлемін ұлғайту» тақырыбында жиын өтті. Аталған жиынға Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер, Статистика, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттері, Түркістан облысының кәсіпкерлік палатасы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпочта» АҚ облыстық филиалдарының басшылары қатысты.