Түркістан: жетісайлықтар зәйтүн отырғызуды қолға алды

Қазақстан бойынша зәйтүннен алғашқы өнімді жетісайлық шаруалар алатын болады. Осыдан екі жыл бұрын қолға алынған зәйтүн шаруашылығы бүгінде жетісайлықтар арасында кеңінен насихатталуда. Өйткені, Алматы қаласы Ұлттық Аграрлық университеті ғалымдарының айтуынша үш жылда өнім бере бастайтын зәйтүн ағашының табысы да көл-көсір көрінеді.

Сарыағашта «Ханбибі оқулары» облыстық байқауы өтті

Сарыағаш ауданы әкімдігінің және ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Сарыағаш ауданының мақтанышы Ханбибі Есенқарақызының 70 жылдық мерей тойы қарсаңында облыстық Ханбибі оқулары байқауы ұйымдастырылды.

Түркістан облысы: сарыағаштық қариялар киелі жерлерді аралап қайтты

Сарыағаш ауданы әкімі М.Отаршиев түркі әлемінің астанасы – Түркістан және  алаштың төртінші астанасы болған – Сыр өңіріндегі киелі жерлеріне  рухани сапар жасауға  ұйытқы болды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  ұйымдастырылған шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы мен  мүшелері, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық бірлестік төрайымдары, жастар ресурстық орталығының басшысымен  белсенді жастары және Қапланбек, Жемісті ауылдық округ әкімдері қатысты.

«Адал жолды таңдаймыз» марафоны: Сарыағаштықтар эстафетаны қазығұрттықтарға табыстады

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Жастар жылына орай және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған «Адал жолды таңдаймыз» атты жастар марафон-эстафетасы өз мәресіне жетті. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен және аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен шара енді Қазығұрт ауданында жалғасатын болды.

Түркістан облысында ұлттық спорт қарқынды дамып келеді

Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2019 жылдың 9 айында 3600-ге жуық бұқаралық спорттық іс-шара өтіп, оған 436,3 мың адам қатысқан. Сондай-ақ, облыста ұлттық спорт түрлерін насихаттау бағытында 2019 жылдың 9 айында 466 спорттық шара ұйымдастырылып, оған 50 мыңға жуық адам қатысқан. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қырықбаев Полат мәлімдеді. 

Түркістан облысы: Шардара ауданында «Халық заңгері» атты қоғамдық қабылдау өткізілді

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ұйымдастыруымен 2019 жылғы 22 қарашада еліміздің барлық өңірлерінде «Халық заңгері» жалпы ұлттық науқанын өткізілді. Жоспарға сәйкес, Шардара аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында 22 қараша күні сағат 17:00-де аудан тұрғындарына кеңес берілді. 

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында жалпыреспубликалық акция өтті

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен бүгін Сарыағаш ауданында "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты — кез келген құқықтық мәселелер бойынша халықтың білікті мамандардан тегін заң көмегін алуын қамтамасыз ету болып табылады. 

Түркістан облысы: Сайрам ауданында "Менің туым - менің Отаным!" шарасы ұйымдастырылды

Еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан республикалық "Менің Туым - Менің Отаным" акциясы «Сайрам аудандық оқу-өндірістік комбинаты» мен Сайрам аудандық орталық кітапханасында жалғасын тапты. Акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту, азаматтардың Мемлекеттік Туға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру. 

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында консультациялық-кеңесші органның отырысы өтті

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық-құқық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның кезекті ІVтоқсанына арналған отырысы өтті.