Шымкентте жылу беру маусымы басталды
«3-Энергоорталық» Акционерлік Қоғамы әзірге 3 жылу қазандығының 1-уін ғана іске қосып отыр. Өйткені, биылғы күз жылдағыдан едәуір жылы. Алайда мамандар тұрғындардың жылу үшін берешегі азаймай отырғанын алға тартады. Қарыз - 200 млн-нан асып отыр. Қыс ауасында болатын қиындықтарды болдырмау үшін борышкерлермен түсіндіру жұмыстарын да жүргізіпті.