Шымкент: Жолдау бойынша іссапармен келген Үкімет мүшелері халықпен кездесті

Шымкент қаласына келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев бастаған бір топ Үкімет мүшелері Президент Жолдауындағы көзделген негізгі тапсырмалардың орындалуы бойынша халықпен кездесті. Жүздесуде Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдаудауын орындалуы жөнінде сөз қозғап, алда атқарылатын жұмыстар жөнінде айтып өтті. 

Шымкент: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Б.Парманов шаһар басшысының құттықтауын жеткізді

Үшінші мегаполисте «Жоғары білім берудегі интернациолизация және инновация» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Б.Парманов шаһар басшысының құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов мерейтой иелерін құттықтап, құрмет көрсетті. 

Шымкент: ескі қалашықта 500 орындық амфитеатр құрылысы басталды

Қала әкімі Е.Айтахановтың төрағалығымен «Шымкент қалашығы» жобасы бойынша Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңесі өтті. Кеңесте Шымкент қалашығын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы Мәскеу қаласы халықаралық сәулет академиясының профессоры, ҚР монументалды ескерткіш жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі, жоба авторы Садуақас Агитаев баяндады.

Шымкентте ұмытыла бастаған «Мизам» мерекесі тойланды

Кеше Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қазақ халқының «Мизам» ұлттық мерекесін атап өтті. Аталған іс-шара барысында қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен ұмытыла бастаған мерекенің мән-маңызы насихатталып, дәстүрге сай тағамдарды қысқа дайындаудың әдіс-тәсілдері көрсетілді.

Шымкентте ретсіз сауданы жою үшін базар ішінен тегін орын беріледі

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Орталық қырғы базардағы соңғы уақытта үлкен мәселеге айналған ретсіз сауда орындарын аралады. Аталған жұмыс сапары аясында Ерлан Қуанышұлы қала базарларындағы заңбұзушылықтармен танысып, сатушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жолда тұрмауын және базар басшылығы тегін орынмен қамтамасыз ететінін жеткізді.

Шымкентте жаңа жылға дейін тағы бір мамандандырылған ХҚКО ашылмақ

Шымкентте 11 Халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Оларда 800-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша, 1 млн. 350 мың қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 2 пайызға артық.

Шымкент қаласында садақ атудан халықаралық турнир басталды

Шымкент қаласында садақ атудан Кеңес Одағының батыры Қарсыбай Спатаевты еске алуға арналған дәстүрлі қырық төртінші халықаралық турнир басталды. Жарысқа қазақстандық мергендермен бірге Өзбекстан, Тәжікстан және Грузия мемлекеттерінен барлығы 200-ге жуық спортшы келген.