Отырарлықтар Түркістанды көгалдандыруға өз үлестерін қосуда

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Жарлығымен былтыр облыс орталығы болған Түркістанды түлетіп, гүл жайнаған абат баққа айналдыру басты мақсат болуда. Осыған байланысты облыс әкімдігінің бастамасымен Түркістанда «Жасыл белдеу» қалыптастыру жете мән беріліп, жиі -жиі өткізіліп келе жатқан сенбілікке облыс көлеміндегі аудан, қалалардың халқы да ерікті еңбек мерекесіне белсене атсалысып келеді.

Түркістан облысы: Төлеби ауданында жыл басынан бері төрт мыңнан аса қаңғыбас ит-мысық ауланып, жойылған

«Төлеби аудандық ветеринария бөлімі» ММ қоршаған орта температурасының төмендеуіне  байланысты етқоректі жануарлардың (түлкілер, қарсақтар және қасқырлар) ауылдар мен елді мекендерге және жеке меншік аулаларына енген жағдайды хабар беруді сұранады.

Түркістан облысы: Жетісайда қос мереке аталып өтті

Жетісай қаласының 50 жылдық мерекесі аясында аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің ауыл шаруашылық өнімдерінің «Алтын күз – 2019» жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді. Шараға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жұртшылықты айтулы мерекелерімен құттықтау хаты оқылды.

Түркістан облысы: Келес ауданында ветеринария саласында ауқымды істер атқарылып жатыр

Ветеринария саласының миссиясы – жануарлардан алынатын өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эпизоотиялық жағдайларды қалыптастыру, халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізу және жануарларға ветеринарлық паспорт беру, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою. Келес ауданында ветеринариялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаруалар ауқымды. 

Түркістан: салықшылар ашық есік күнін өткізді

Елімізде салық төлеушілерді бір жүйе бойынша жалпы тізімге ендіру қажет. Сонда қазынаға түсетін қаржы көлемі ұлғаяды. Ол үшін барлық жеке кәсіпкерлер фискалды чек беретін құрылғыны сатып алулары керек. Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті осы мақсатта облыс базарларында ашық есік күнін өткізуде. Кезекті шара Түркістандағы «Қуаныш» базарында өтті.

Түркістан облысы: Келесте жылыту маусымына орай сақтық шаралары жасалуда

Түркістан облысы Төтенше жағдайдайлар департаментінің жобасына сәйкес, облыс бойынша аудандарға улы газ датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда Келес ауданы бойынша барлық ауылдық округтерінің аз қамтамасыз етілген отбасылар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және жалғыз тұратын зейнеткерлердің тұрғын үйлеріне орнату үшін улы газ датчиктерін тегін тапсырады.

Түркістан облысы: сарыағаштықтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері түсіндірілуде

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасарымен бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылатын атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдерін аудан тұрғындарына түсіндіру үшін бекітілген жұмысшы топ қала, кент, және ауылдық округтерге барып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясы Сарыағашта көшпелі қабылдау өткізді

Елбасы, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Партияны қайта жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясындағы тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық филиал төрағасының Бірінші орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлының қатысуымен Түркістан облысының департамент және басқарма басшылары Сарыағаш ауданы тұрғындарына арыз-шағымдары бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.