Түркістан облысы: Шұбарсудағы жарық мәселесі толық шешіледі
Шұбарсулық ағайын сапалы электр энергиясына қол жеткізді. Ол үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 32 трансформатор жаңадан қойылған. Ауылда ауыз судың жайы да оң шешімін тапқан.
Шұбарсулық ағайын сапалы электр энергиясына қол жеткізді. Ол үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 32 трансформатор жаңадан қойылған. Ауылда ауыз судың жайы да оң шешімін тапқан.
Облыстың ауыл шаруашылығы мамандары су тапшылығын жоюдың тың тәсілін қолданысқа енгізіп келеді. Бұл жағдай шуаруалардың шөлейтті жерлерді де игеруіне мүмкіндік жасайды. Жаңа технологияны қолдану қашан да өз жемісін берері анық. Облыс орталығында өткен жиында шаруаларға жаңбырлатып суару мен тың тәсілдердің тиімділігі түсіндірілді.
"Ақ баталы Абыз-2019". Осындай атаумен Түркістанда батагөй қариялар байқауы өтті. Оған киелі шаһарда тұратын бір топ ақсақал қатысты. Шараның басты мақсаты - атадан балаға жеткен бата беру үрдісін жалғастыру, бай мұрамызды жаңғырту арқылы жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жолға шыққан "Түркістанның руxани керуені" Қазығұрт ауданына аялдады. Бұл жолы бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Біржан Жақыпов пен Сайрам ауданының бас имамы Темірбек Сейдахмет қазығұрттықтармен кездесті.
«Балапанды күзде санайды» демекші, «Алтын күз» - шаруалардың жыл бойғы бел жазбай істелген еңбектерінің жемісін көретін, нәтижесін сараптап, балапанды санап, алдағы межелерді белгілейтін шағы. Бүгін аудандық мәдениет үйінде жылдағы дәстүрге сай «Алтын күз-2019» мерекелік іс-шарасы өтті.
Бүгін жалпы Түркістан облысы бойынша қыздар арасында волейболдан мектеп лигасы басталды. Шардаралық "Шағала" мен түркістандық "Қызғалдақ" командасының арасындағы алғашқы кездесу барысы халықаралық турнирдегідей қызу өтті.
Шардара ауданында "Egovmobile" жаңа мобильді қосымшасын насихаттау мақсатында арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға аудан әкімі аппаратының және ішкі саясат бөлімінің, маслихат аппаратының мамандары қатысты.
Түркістан қаласындағы жылусыз қалған көпқабатты тұрғын үйлерге жылу толық берілді. Айта кетейік, жылу құбырынан шыққан ақауға байланысты қаладағы 1 және 2-ші шағынаудандағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалған болатын.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында Мақтаарал ауданында салтанатты кеш өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, айтулы мерекемен барша мақтааралдықтарды құттықтады.
Жетісай ауданында “Egovmobile” жаңа мобильді қосымшасын насихаттау мақсатында арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Аудан әкімдігі мен аудандық ХҚКО бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға әкімдіктің дербес бөлімдерінің, кенттер мен ауылдық округ әкімдіктерінің жауапты мамандары қатысты.