Түркістан облысы: Мақтааралда республикалық акция өтті
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен бүгін Мақтаарал ауданында "Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін көтеру, тегін заң көмегін көрсету болып табылады.