Түркістан: облыстық ашық турнир басталды

Отырарда баскетболдан 2004-2005 жылғы жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында ұлағатты ұстаз, белгілі бапкер Талғат Рахмет атындағы облыстық ашық турнир басталды. Биыл он бірінші рет өтіп отырған дәстүрлі турнирге облысымыздан жалпы саны жиырмаға жуық команда қатысуда.

Түркістан облысы: Отырарда «Алтын күз» мерекесі аталып өтті

Отырар ауданында «Алтын күз-2019» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов ауыл шаруашылық техникалары мен асыл тұқымды ірі қара және ұсақ малдар қойылған көрмені тамашалап, мереке аясында ұйымдастырылған жәрмеңкені аралады. Жергілікті өнімдерге басымдық берген жәрмеңкеде көпшілікпен бірге аудан басшысы да сауда жасап, жергілікті бақша өнімдерін сатып алды.

Отырарлық жас кәсіпкер 20-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр

Түркістан облысы, Отырар ауданына қарасты Көксарай ауылының тұрғыны Қосаев Мұхаммеддәуіт Анарбайұлы жиырмаға жуық ауыл азаматтарын жұмыспен қамтып отыр. 26 жастағы жас кәсіпкер «Жастар жылы» қарсаңында өз қаражаты есебінен құны 35 млн теңге болатын «Қосай Ата» құрылыс дүкені мен жанар-жағар май автобекетін және автокөлік жуу сервисін ашып, іске қосты.

Түркістан облысы: медициналық көмек түрлері түсіндірілді

Елімізде 2020 жылдан бастап медициналық көмек екі түрлі пакет бойынша көрсетіле бастамақ. Бұл туралы«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев Отырар ауданының халқымен кездесу жиынында мәлімдеді.

Түркістанда «Рухани керуен» жобасының мүшелерімен кездесу өтті

Түркістанға «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» атты Рухани керуен сапары келді. Түркістан және Алматы облыстық мәслихаттарының қолдауымен, Алматы облысының дін істері басқармасы мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастыруымен өткізілген келелі кездесуде қонақтар мен түркістан жұртшылығы пікір алмасып, тағылымды оймен бөлісті.

Түркістан облысы: Келес ауданында студенттер мерекесі аталып өтті

17 қараша – Халықаралық студенттер Күні. Осы мерекені жоғары деңгейде атап өту үшін Келес ауданы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен студенттердің көңілін көтеру, аталмыш мерекені кең көлемде атап өту, жастардың бойына білімді, өнерді, мәдениеттілікті қалыптастыра отырып еліміздің болашағы жастар екенін ұғындыру мақсатында "Қызықты көңіл студенттік өмір" атты іс-шара ұйымдастырылды. 

Түркістан облысы: «Қой шаруашылығындағы модельді ферма» атты облыстық семинар-кеңесі өтті

Отырар ауданы Қарақоңыр ауыл округіндегі Әбдімәжит Сыздықбеков басшылық ететін «Отырар-Агро» ЖШС мал комплексінде «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» мен «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтының» ұйытқы болуымен «Қой шаруашылығындағы модельді ферма» атты облыстық семинар-кеңес болып өтті.

Түркістан облысы: «Рухани керуен» Отырар ауданына барды

Алматы және Түркістан облыстары әкімдіктерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани керуен» жобасының III-кезеңі «Жер жәннаты Жетісу жерінен қасиетті Түркістан өңіріне» атты Алматы облысының «Рухани керуен» шарасы Түркістан облысын аралағаны белгілі.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында кеңейтілген ата-аналар кеңесі өтті

Мақтаарал ауданында кеңейтілген ата-аналар кеңесі жиналысы өтті. Басқосуға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі, ата-аналар комитеті және әкелер кеңесінің төрағалары қатысты. Онда ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды. 

Отырарлықтар Түркістанды көгалдандыруға өз үлестерін қосуда

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Жарлығымен былтыр облыс орталығы болған Түркістанды түлетіп, гүл жайнаған абат баққа айналдыру басты мақсат болуда. Осыған байланысты облыс әкімдігінің бастамасымен Түркістанда «Жасыл белдеу» қалыптастыру жете мән беріліп, жиі -жиі өткізіліп келе жатқан сенбілікке облыс көлеміндегі аудан, қалалардың халқы да ерікті еңбек мерекесіне белсене атсалысып келеді.