Түркістан облысында әлеуметтік нысандар жылуға түгел қосылды
Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте айтылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың төрағалық етуімен өткен жиында 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы мен облыс бюджетін игеру, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету, қоршаған ортаны көгалдандыру секілді бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.