Сейсенбі, 12 Қараша 2019 14:46

Түркістан облысы: Арыста «Altyn kúz – 2019» облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті

Арыс қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «ALTYNKÚZ – 2019» облыстық спорттық сайысы өтті. Шараға Түркістан облысы мен аудан және қалалардың ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген 400-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты. 

Облыстық және аудан, қалалардың ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінен құралған 21 команда кіші футбол, арқан тартыс және волейбол сынды командалық ойындардан сынға түсті. Тартысты додада волейболдан І орынды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ІІ орынды Созақ ауданы, ІІІ орынды Арыс қаласы иеленді. Арқан тартыстан І орынды Арыс қаласы, ІІ орынды Созақ ауданы, ІІІ орынды Мақтарал ауданы жеңіп алды. Кіші футболдан І орынды Жетісай ауданы, ІІ орынды облыстық ветеринариялық лабороториясы, ІІІ орынды Сайрам ауданы ие болды.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дипломдарымен және кубоктармен марапатталды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 842 рет