Түркістан облысы: Мақтаарал 2 номинация бойынша "озат аудан" атанды

Түркістан облысында "ALTYNKUZ-2019" мерекесі мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік шараға ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен шаруа қожалық төрағалары, депутаттар мен аудан-қала əкімдері қатысты. Жиында сөз алған облыс əкімінің орынбасары Ұлан Тəжібаев барша аграрлық сала еңбеккерлерін жылдық қорытынды мерекемен құттықтап, салада жоғары нəтиже көрсеткен аудан-қала əкімдеріне жəне еңбек озаттарына арнайы марапаттарды табыс етті. 

Түркістан облысында «Altyn kuz-2019» мерекесі тойланды

«ALTYN KUZ-2019» мерекесі мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік шараға ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен шаруа қожалығы төрағалары, депутаттар мен аудан-қала əкімдері қатысты. 

Түркістан облысы: Арыста «Altyn kúz – 2019» облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті

Арыс қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «ALTYNKÚZ – 2019» облыстық спорттық сайысы өтті. Шараға Түркістан облысы мен аудан және қалалардың ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген 400-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында "Алтын күз-2019" мерекелік іс-шарасы өтті

Шаруалар мерекені толағай табыстармен қарсы алып отыр. Шыбық шаншысаң, шынар болып шығатын Мырзашөл өңірінің жері де жомарт. Оған биылғы жиын-терімнің нәтижесі дәлел бола алады. Салтанатты кеште сахна төріне көтерілген аудан әкімі Бақыт Асанов 10 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 29 миллиард теңгеден асқанын атап өтті. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданы әкімі еңбекқор шаруаларды "Алтын күз-2019" мерекесімен құттықтады

«…Ауданымызда ауыл шарушылығы саласы өсіп, өркендеп, дамып келеді. Ол үшін көптеген мемлекеттік бағдарламалар жасалып, осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Мәселен, биыл Мақтаарал ауданының диқандары 60 926 гектар жерге егін екті. Оның ішінде 38 185 гектары мақта, 11 502 гектары бақша, 3 178 гектары дәндік жүгері, 2 055,4 гектар жерге көпжылдық екпе, 2 003 гектары жаңа жоңышқа, 1 827,6 гектары түрлі көкөністер, 1 615 гектары күріш, 500 гектары сүрлемдік жүгері, 152 гектары маш, 47 гектары жаздық бидай және 54,2 гектар жерге картоп егілген болатын. 

Осы RSS каналға жазылу