ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРЛІ ӘН ӨНЕРІНІҢ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Дәстүрлі ән-жыр мектебінің өз орталығы болу керек. Ол "Рухани жауһарлар" деген атаумен аталса». Республикалық дәстүрлі әншілер мен термешілердің байқауында қазылық еткен өнер майталмандары осындай ұйғарымға келді.

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында "дөңгелек үстелге" жиналғандар дәстүрлі әннің келешегі үшін алаңдаулы екендерін жасырмады.

Музыкатанушы ғалым Әміреқұл Әбуов мегаполиске музыка өнерін үйрететін іргелі оқу орны керек, талантты жас әнші Димаш Құдайбергенов ұлы бабамыз Әл-Фарабидің музыка саласындағы бүгінгі ізін жалғаушы десе, өнер қайраткері Рамазан Стамғазиев Оңтүстіктің дәстүрлі ән-жыр мектебін елге бұрыннан танымал Жетісу, Арқа,Тарбағатай, Сыр өңірі, Маңғыстау ән-жыр мектептерінің деңгейіне жеткізу керек деген ойын білдірді.

Қазақ өнерінде оңтүстік жұртының дәстүрлі ән-жырлары Жетісу, Арқа мақамы деп әлі күнге дейін термин ретінде бекітілмеген. Осыған орай мәдениет саласының үздігі Әлімжан Серікбаев халық бұрыннан атап кеткен Оңтүстіктің дәстүрлі ән-жыр мектебі деген атаумен қалса деген ұсынысын барлық өнер қайраткерлері бірауыздан қолдады.

Мәдениет саласының тағы бір серкесі Жақып Сыпатаев жуырда жаңа жинақ жарық көретінін, онда Ташкент өңірінің белгілі жыршысы, өткен ғасырдың ортасында шырқаған әндері телевизия архивіндегі таспалардан табылған Құтбайдың әндері нотасымен бірге жарияланады. Ж.Сыпатаев жаңа кітап дәстүрлі ән-жыр өнерінде үлкен жаңалық әкелмек деген пікірін жеткізді. Сонымен бірге бұл дәстүрлі әншінің домбыра қағыстары мүлдем басқа, аспапты шерткенде іліп ойнайтынын, сондықтан халық әндерін өзгеше мақамда орындайтынын айтты. 

Жиын соңында "дөңгелек үстелге" жиналғандар дәстүрлі ән-жыр орталығы келешекте ғылыми-зерттеулермен, ел ішіне экспедицияларға шығып, көне жырларды жинастырумен айналысуы керек деген идеяларын да ұсынды.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

"Рухани жауһарлар" атты республикалық дәстүрлі әншілер мен термешілер байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың жабылу рәсіміне қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жеңімпаздарды  марапаттап, орын алған азаматтарды жеңістерімен құттықтады.

 

— Қазақтың дәстүрлі әншілік өнерінде 6 мектеп бар болса, соның ішінде Оңтүстік өңірінің де өзіндік өрнегі бар. Осы өнерді өскелең ұрпақтың бойына дарытып, осындай байқаулар арқылы насихаттап отыру — біздің міндетіміз.  Өнер сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен небір талантты жастар келіп қатысты. Олардың өнерін бағалаған әділ қазылар алқасы да кіл мықтылар. Қазақ барда оның ұлттық ән дәстүрі өлмек емес, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Алғашретұйымдастырылғаншараныңмақсатыелтарихынансыршерткенқазақфольклорынбүгінгібуынғақайтажаңғырту, болашаққааманатету болатын.

Сонымен, 2 күнге жалғасқан сайыс нәтижесінде дәстүрлі ән бойынша А.Ермекбаева, Ә.Бекниязов, Б.Нуриддинұлы, Б.Айтахметов, Н.Жуасбеков арнайы номинацияның иегерлері атанды. Осы ән дәстүрі байқауында ІІІ орынды А.Дәуен, ІІ орынды А.Сағындық, І орынды О.Жаңабаев ұтып алса, бас жүлде Қ.Сынабайға бұйырды.

 

Терме сайысында А.Рустамов, Д.Рахман, Ж.Жәнібек, А.Қонысбаева, Ж.Оспанқұлов арнайы номинациялық жүлделермен марапатталды. Терме айту жарысынан ІІІ орын К.Түрікпен, О.Құлсымақов, ІІ орын Ә.Мырзағалиев, Б. Көштаев, І орын Е.Құрасбек еншісіне тисе, гран-при жүлдесімен Р.Ахинбеков марапатталды. 

 

Өнер додасы марапаттау рәсімінен соң дәстүрлі әншілердің қатысуымен өткен гала-концертке ұласты.

Естеріңізге сала кетейік, жарысқаҚазақстанныңбарлықөңірінен 32 әнші-термешіқатысты. Оларбайқауғадәстүрліәнментермежанрларыбойынша 2 бөлімдеөнеркөрсетті. Сайысқақатысушыларқазақдаласының 5 дәстүрліөнермектебініңмақамындаөнеркөрсетті. Термешілерменәншілер 2 турбойыөзөңірініңжәнеоңтүстіктіңмақамынасалыпбір-біртуындыорындады.

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШЫМКЕНТТІКТЕР ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ТАҢЫН КӨРДІ

Шымкентте  белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» атты тарихи-көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жаңа туындыны көпшілікпен бірге тамашалады.

Тарихи кинотуынды Қазақхандығында Жәнібекханның ұлы – Қасымхан билік еткен кездері туралы баяндайды. Дәл осы жылдары Қазақхандығы өркендеп қана қоймай, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатылып, қазақтар дербес этникалық қауымдастық ретінде біздің аумақтан тыс жерлерге дебелгілі болды. Қасымхан әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеп, тарихқа «Қасымханның қасқа жолы» деген атпен енген өзі дайындаған конституциялы ққұжаттың көмегімен елбасқарды.

Тұсаукесер жиынына қоюшы режиссер А.Сатаев, актерлер Б.Айтжанов, А.Әбдіқадыров, Е.Жолжақсынов арнайы қатысып, жаңа туындының ерекшелігін, құндылығын тілге тиек етті.

Фильмніңтүсіружұмыстары 2021 жылыақпанайыныңсоңындаАлматыоблысыПанфиловауданындабасталған. КейінтүсірутобыөзжұмысынЖаркентқаласыменКегенауылымаңындажалғастырды. Наурыздыңортасындатүсірілімдер «Қазақфильм» киностудиясыныңпавильондарындатұрғызылған «Сығанаққаласы», «Бұрындықханныңтақзалы» және «Самарқанд  Шайбанныңауласы» декорацияларында жүргізілді. ЖазайларындаҚапшағайқаласыныңмаңында күрделісахналардыңбірі – ҰлытаудағышайқастүсірілгенболатынБұлсахнаға Nomad Stunts каскадерлертобыарнайытартылған.

Басты рөлдерді Берік Айтжанов, Ерік Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов, тағы басқа актерлер сомдайды.

Қала тұрғындары жаңа фильмді  тамашалап, өнер туындысын жоғары бағалады.

Айта кетейік, Елегемендігінің 30 жылдығына тәрбиелік сипаттағы 30 кинотуынды әзірленбек."Ұлы дала таңы" атты тарихи көркем фильмі де осы ел егемендігінің 30 жылдығы мерекесін қарсаңында көрерменге жол тартып отыр.

 

 

 "AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШЫМКЕНТТЕГІ «БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯҒА» 7 МЫҢ АДАМ ЖҮГІНГЕН

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Бақытты жанұя» орталығында көпбалалы аналар тігін ісін тегін меңгеруде.  Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков орталықты аралау барысында тігін курстарын өз көзімен көрді. Және орталықтың жұмыс барысын одан әрі жетілдіру бойынша осында қолдау тапқан азаматтармен кездесті.

 

Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған аналарды қолдау орталығында арнайы шеберхана тігін машиналары және қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Қызмет алушылар құрақ көрпе, қыз жасауы мен сұранысқа сай сән үлгісіндегі кимдер және түрлі ою-өрнектер кестеленген қазақы нақыштағы тақияларды тігіп үйренуде. Оларға тігін ісін үйрететін шебердің бірі Еркінай Көшкінова. Көпбалалы ананың асырауында 12 жастағы мүмкіндігі шектеулі перзенті бар. Ерекше ұлы ою-өрнектердің дизайнын компьютер арқылы әзірлеп береді.

 

–«Бақытты жанұя» орталығына жыл басында жұмысқа орналастым. Содан бері осында қыз-келіншектерге тігін тігуді үйретіп келемін. Кәсібім өзіме қатты ұнайды. Үйде қысқа мерзімді кәсіптік оқу оқып, мемлекеттік грант қаржысына сатып алған тігін машинам бар. Қосымша тапсырыстар қабылдаймын. Ұлымды да осы кәсіпке баулып жатырмын. Адамда еңбастысы еңбек етуге ниет болуы керек,-дейді тігінші.

Орталықта жалпы түрлі бағыттар бойынша басқа да оқу курстары бар. Атап айтқанда, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед тіл кемістігі бар балалардың аналарына тыныс алу және артикуляциялық  жаттығуларын үйретеді. Мақсат - аз қамтамасыз етілген отбасылар мен  көп балалы аналарға қолдау көрсету.

 

Сонымен қатар, орталық қызметкерлері келішулерге психологиялық, құқықтық кеңес береді. Атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызмет алу мәселелері бойынша көмектерін ұсынады.

 

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Мекемеде жыл басынан бері 7 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетілген. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков аралау барысында сала мамандарына оқу курстарын тәмамдаған азаматтарды барынша жұмыспен қамтуды тапсырды. Айтуынша, әр қызмет алушының үміті ақталып, іс нәтижелі болуы тиіс.

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР XXIV-СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ЖАРАДЫ

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен есту қабілеті нашар спортшыларға арналған ХХІV-Сурдлимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Ойындарға әлемнің 100 елінен спорттың 21 түрінен 3500-ден астам спортшы қатысты.  Қазақстанның намысын 9 спорт түрінен 65 спортшы қорғады. Олардың  қатарында Шымкент спортшылар да бар. Олар:  Пернеш Шадияр мен Рсалы Сабыржан.  65 келіде Пернеш Шадияр мен 70 келі салмақтағы  Рсалы Сабыржан  спорттың еркін күрес түрінен өз шеберліктерін көрсетті. Р.Сабыржан мен П.Шадияр Халықаралық спорт шебері.

Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов спортшыларды жеңісімен құттықтап, ата-анасымен танысты. Қазақстан Республикасының туын көтеріп, Шымкент қаласының намысын қорғап тарихта қалатын жетістік екенін айта кетті.
Мақсұт Пернебайұлы спорт қауымына спорттың дамуына үлкен үлестерін қосып отырғаны үшін алғыс білдірді, бұл жетістік жаттықтырушылар мен спортшылардың табанды әрі мықты жұмысын көрсетіп тұрғанын айта кетті.

Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов еркін күрестен Сурдлимпиада Ойындарының күміс жүлдегері Рсалы Сабыржанға 2 бөлмелі пәтер кілті және осы олимпиадада 5 орыннан көрінген Пернеш Шадиярға, қос спортшының жаттықтырушысы Омар Ғалымжанға қаржылай сыйлық табыстады.

 Қос спортшыны жетістігімен құттықтаған қала басшысы мемлекет тарапынан денешынықтыру мен спортты белсенді дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, қаламызда спорттың кез келген түрімен жаттығуға жағдай жасалған. Спорт қолдау тапса, саңылақтар шыңдалып, еліміздің абыройын көтереді. Бүгінде шымкенттіктер өзінің спорттық жетістіктерімен ауыз толтырып мақтана алады. Жерлестеріміз түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына сәттілік тілей отырып, Қазақстанның спортын одан әрі биік шыңдарға көтере берулеріңізді тілеймін», - деді М.Әйтенов.

 Өз кезегінде спортшылар мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауға алғыстарын білдіріп, еліміз бен шаһар спортын жаңа белеске шығару жолында  аянбай тер төгетіндерін жеткізді. Айта кетейік, осы Олимпиадаға 100 мемлекеттен спорттың 21 түрінен 3500 жуық спортшы қатысты.Қазақстан Республикасының құрама командасынан 65 спортшы қатысып: 4-алтын, 7-күміс және 18 қола медальмен командалық есепте 13-ші орыннан көрінді.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

20 МАУСЫМ: ШЫМКЕНТТЕ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Шымкент қаласында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасының «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты бойынша 449 отбасын баспанамен қамту көзделген. Шымкент қаласы баспасөз орталығы осындай мәлімет таратып отыр. Хабарламада осы бағытта  4,4 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініпті отырғандығы жазылған.

Бұл бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген:

- көп балалы отбасылар,

- толық емес,

 мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.

Мамандар, лимиттерді бөлу барысында басымдық - мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетінін айтып отыр.

Қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

 1)  Қазақстан Республикасының азаматтығы;

 2) өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;

 3) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысының соңғы 6 ай ішіндегі айлық табысы, қаржы жылына белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен (әрбір отбасы мүшесіне 115 905 теңге) аспауы тиіс.  Нақты айтқанда 2022 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері  37 389 теңгені құрайды;

 4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);

 5) еңбек және кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;

 6) төлем қабілеттілігін растау;

 7) тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде тұруы.

Кредит беру талаптарына сәйкес  бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үйді сатып алу кезінде азаматтарға берілетін ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды.

Аталған  бағыт бойынша  өтінімдерді қабылдау Отбасы банкі арқылы ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап қабылданады.

Бағдарламаға шарттары:

- Несие мөлшерлемесі жылдық 2%;

- Бастапқы жарна - 10%.

Ипотекалық несие 20 жылға рәсімделеді.

 Айта кетейік, өткен жылы  «Бақытты отбасы» бағыты арқылы бөлінген лимитке сәйкес 363 отбасы несиелік баспанамен қамтылған болатыын. Оның ішінде көпбалалы –173, толық емес –30, мүгедек бала асыраушы –160 отбасы бар.

ШЫМКЕНТТЕ 5000-НАН АСА БОС ЖҰМЫС ОРНЫ БАР

Шымкентте  жұмыссыз азаматтарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жұмыс беруші мекемелердің тізімімен танысты.

 

Жәрмеңкеде Шымкент қаласындағы 100-ге жуық жұмыс беруші мекеме қатысып,  5000-нан аса медициналық, техникалық және педагогикалық мамандықтар бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылды. Атап айтқанда, «Арт-құрылыс», «Каз Транс Аймақ», «Halyk Bank» АҚ,  «Magnum Cash Carry», «Назар Текстиль» және т.б қаладағы арнаулы экономикалық аймақтағы кәсіпорындар мен мектеп, бала-бақшалар.

Жәрмеңкеге қатысқан шаһар басшысы М.Әйтенов: «осындай шаралар жұмыссыздықты азайтуға өз септігін тигізеді» деді.

– Әлеуметтің әлеуетін көтеру, бұқараны жұмыспен қамту мақсатында елімізде көптеген бағдарлама қабылданып жатыр. Қазіргі кез келген мемлекеттің әлеуетін көрсететін, бәсекеге қабілеттілігін танытатын негізгі көрсеткіштердің бірі – сол елдегі әлеуметтік жағынан, сонымен бірге жұмыспен қамтылған халықтың үлесі. Бүгінгі қала тұрғындарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жұмыс іздеп жүрген азаматтардың  санын  азайтып, жұмыссыздарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін бірден-бір мүмкіндік,-деді қала әкімі.

Шара барысында қала тұрғындарына, халықтың осал топтарына да 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберіндегі «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім-шарты», «Күміс жас» және т.б. уақытша жұмыс орындары ұсынылды.Сондай-ақ, жұмыс іздеушілерге қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, онда жас мамандарға түйіндеме толтыру, психологиялық көмек, және  өзге мәселелер бойынша кеңес  берілді.  Сонымен қатар, Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша әр өңірдің өкілдері қала азаматтарын ақпараттандырды.

Жалпы, жыл басынан бері Ұлттық жоба шеңберінде 7 мыңнан астам шымкенттік жұмыспен қамту шараларына қатысты. Атап айтар болсақ, жұмыспен қамтылған жастардың қатарында 991-і жастар практикасымен, ал 160-ы алғашқы жұмыс орны жобасына қатысып, 100-ден аса азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Ал, 226 шымкенттік жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға бағытталған қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 «Шымкент жастар лигасының» жабылу рәсімі өтті. Мектеп оқушылары арасындағы турнир қала әкімінің бастамасымен өткен болатын. Жарыстың соңғы күні мектеп оқушылары футболдан финалдық кездесу өткізді. Одан соң,  салтанатты рәсімде спорттың 4 түрінен жеңімпаздар марапатталды.

Шымкенттегі «Қажымұқан» стадионында футболдан жастар лигасының жеңімпаздары анықталды. Финалдық ойынды тамашалауға мыңдаған адам жиналды. Жастар лигасы Шымкентте екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биыл додаға мегаполистің 151 мектебі қатысып отыр.

Жастар арасындағы жарыс үш ай көлемінде спорттың  футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен өтті. Жастар лигасының жалпы жүлде қоры 80 млн. теңге. Жеңімпаз командаларға 20 млн. теңге көлемінде ақшалай сый берілді. Білім ордасының директорлары бұл қаражатты оқушыларға сапалы білім беру мақсатында мектеп базасын жаңартуға жұмсаймыз деп отыр. Сонымен:

Лигада шахмат бойынша бірінші орынды №9 мектеп-лицейдің оқушылары, баскетболдан №8 мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды, ал №113 орта мектептің оқушылары волейболдан үздік атанды.

Ал №65 мектеп командасы футболдан жастар лигасының чемпионы атанды. Құрама команда қарсыластарын 3:1 есебімен жеңді. Турнирдің жабылу салтанатына қала әкімі де қатысты. Мегаполис басшысы жас спортшыларды жеңісімен құттықтады.

Айта кетейік, жоба мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру, бұқаралық спортты дамыту және ҚР чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында екінші рет ұйымдастырылып отыр. Жобаға деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Сандарды сөйлетсек, өткен жылы 140 мектеп қатысқан болса, биылғы біріншілікке спорттың төрт түрінен қаладағы 151 орта мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты.

 Осы спорттық жарыстарға төрелік етуге және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400-ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының маманы жұмылдырылғанын айта кету керек.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

 

 

ШЫМКЕНТТІК БАЛАҚАЙЛАР ӨЗ МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ

Шымшаһардың бүлдіршендері «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін» тойлады. Жаздың алғашқы Әл-Фараби алаңында өтті. Мерекеде 500-ге жуық балақай жол бетіне  сурет салып, дарынды өнерпаздардың қолөнер туындылары көрмеге қойылды.

Мегаполистің басты алаңында өткен салтанатты шарада қала өнерпаздары әннен шашу шашып, балапандарға арналған мерекелік қойылымдар қойды.

Бүлдіршіндерді мерекемен құттықтауға қала әкімі де келді.

Салатанатты жиынға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов: «Балаларымыз – біздің бақытымыз және болашағымыз!» дей отырып, балаларды мерекелерімен шын жүректен құттықтады.  «Ұрпағымыз мемлекеттің мәңгілік азаматтары болып, елімізді мәңгілікке шығаратындай жолға жете берсін! Ал оған біз тілектес болып жүре берейік!»,- деген қала басшысы «Балалар жылы-2022» аясында бірқатар жаңа нысандардың іске қосылатынын тілге тиек етті.

-         Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауына орай 42,9 млрд. теңге қаржы қарастыра отырып, 84 тармақтан тұратын арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Биыл қаламызда 143 балалар ойын алаңшасы, 33 спорт алаңшасы, 16 мектеп, 1 оқушылар сарайы мен №2 балалар саз мектебі іске қосылады. 2021-2022 оқу жылында қаламыздың бес жүзден астам оқушы республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі сайыстарда топ жарды. Бұл біз үшін мақтаныш. Ең алдымен шымкенттік ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Сондай-ақ, оқушылардың дамылсыз білім алып, оқып-үйренуге жұмсаған алтын уақытының қайтарымы деп білемін, -деді қала әкімі.

Тілге тиек етейік, 2022 жыл – «Балалар жылы». Ал Шымкентте 250 мыңға жуық оқушы бар. Оның 500-ден астамы жыл басынан бері білім мен ғылым, өнер мен спорт салаларында түрлі жетістіктерге жеткен. Осы орайда, халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздарының шеруі өтті.  

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Шымкенттік полицейлер алименттен жалтарған жеті азаматтан берешегін өндірді

Бала өмірі – қашанда басты назарда. 2022 жыл – Мемлекет басшысымен «Балалар жылы» болып белгіленді. Осы орайда тәртіп сақшыларына артылған жүк те екі еселене түсті. Және олар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуде.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының анықтау бөлімі жыл басынан бері ҚР ҚК-нің 139-бабымен балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындаудан жалтарып жүрген 7 қылмыстық істі сотқа жолдады. Аталған жайттар бойынша тергеп-тексеру барысында борышкерлердің алимент қарыздары толық өндірілді.

Мәселен, төрт балалы ана күйеуінің төлеуге мүмкіндігі бола тұра төрт жыл бойы алимент төлемей жүргенін айтып, сот орындаушыларына шағымданған. Борышкерге бірнеше рет ескерту хабарламасы берілген, сондай-ақ азамат түсініктеме жазып, іс қағаздармен танысып, төлеуге міндеттенген. Алайда, ешқандай төлем жүргізілмеген. Осы жайт бойынша жеке сот орындаушысы борышкерді қылмыстық жаупкершілікке тарту туралы қаулы жіберген. Нәтижесінде берешек толығымен қайтарылды.

«Бүгін 1-маусым «Балаларды қорғау күніне» орай барлық балаларды мерекемен құттықтаймын. Біз балалардың өміріне жауаптымыз. Әрбір бала – бақытты өмір сүруге құқылы. Сондықтан азаматтарға өз балаларыңыздың болашағы үшін алимент төлеуден жалтармай, Заң аясында белгіленген міндетті қаражатты төлеп отыруды сұраймыз. Балаларын күтіп бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға берешекті толық және уақыттылы төлеу маңызды, себебі ол баланың жарқын болашағына жол салады. Осы бағытта полиция тарапынан борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған жұмыс белсенді түрде жүргізілуде», – деді Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы полиция майоры Олжас Әлжанов.