340 МЫҢНАН АСТАМ ЗАҢСЫЗ ҚУҒЫНДАЛҒАН АЗАМАТ АҚТАЛДЫ

Тәуелсіздік жылдары аралығында 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды. Бұл жайында Шымкенттегі «Қасірет» мемориалында өткен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада айтылды. Көктемнің соңғы айы мамырдың 31-ші жұлдызы күллі қазақ елі аза тұтты.  Бұл күннің қазақ күнтізбесіне ресми енгеніне 25 жыл.

Қаралы жиында тағдырдың қатал сынағына ұшыраған боздақтарға құрмет көрсетіліп, бір минуттық үнсіздікпен басталды.

Одан соң, шаһар басшысы  Мұрат Әйтенов пен зиялы қауым өкілдері «Ана мен бала» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Бабалар кешкен қайғылы сәттер театрландырылған көріністер арқылы көрсетіліп, сахналандырылған қойылым қойылды. Жиналғандар бабалар рухына құран бағыштап, өткен күнге салауат айтты.

«Қыр қазағының күнкөрісі малмен байланысты болған еді. Бүтіндей бір ұлттың көзін жоюды көздегендер ең әуелі оның малын алды. «Аша тұяқ қалмасын» деген солақай саясаттың салдарынан кейбір деректерге қарағанда, 1928 жылы Қазақстанда 40 млн бас малдан 1933 жылы оның тек 4 млн-ы ғана қалған.Бұл саясаттың салдарын ғана емес, себебін де анық түсінген Алаш зиялылары бас қосып, империяға қарсы шықты. Олардың барлығы дерлік қудалауға ұшырап, атылды, айдалды. "Халық жаулары" деп жала жабылған арыстардың есімін халқы өз жадында мәңгілік сақтап, олардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлігін ұмытқан емес»,- деді жиналғандар.

Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады. Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ҚАЛА ӘКІМІ АҚТАСТЫҚТАРДЫ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласы тұрғындарының 93 пайызы табиғи газбен қамтылған. Шаһардағы 81 елдімекеннің 42-сі толық, 31 елдімекенде газ жартылай берілген. Бүгінде қалған елдімекендерге газ тарту  мақсатында тиісті жобалар жүзеге асырылуда.

Мәселен, қала әкімі Мұрат Әйтенов Ақтас, Ақтас-2 шағынауданында болып, осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көрді.

Белгілі болғандай, Ақтасқа газ құбырын тарту  жұмыстары 65 пайызға орындалған. Ағымдағы  жылдың тамызына дейін аталмыш жұмыстар 100 пайызға аяқталып, нәтижесінде 225 үй көгілдір отынға қол жеткізбек.

«Ақтас-2 шағынаударнында құрылыстың 60 пайызы аяқталған. Нысан құрылысы үшін 223,6 млн теңге қаражат қаралып, қазірге дейін оның 120 млн теңгесі игерілді. Қазіргі сәтте ұзындығы 16,5 шақырым болған ішкі жүйелерге құбыр тартылуда» дейді жауаптылар.

Өткен жылдың соңында басталған жоба тамыз айында аяқталады деп күтілуде.  Осылайша, елдімекендегі 160 абонент  табиғи газға қол жеткізбек.  

«Қазіргі уақытта қалада 1 магистралды және 10 елдімекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін Тұран магистралды газ құбыры мен 8 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 20 мыңға жуық тұрғынға табиғи газ беріліп, қамтылу көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді»,-дейді жауаптылар.

Әкімдіктегілердің берген мәліметіне сенсек,   2025 жылы қала тұрғындарын 100 пайыз көгілдір отынмен қамту жоспарланып отыр.

Сонымен қоса, 2023-2025 жылдары аралығында қаланың даму жоспарына сәйкес, жартылай қамтылған 17 елдімекенде және мүлдем қамтылмаған 3 елдімекенде табиғи газ жүйелерінің құрылысы салынып, қала тұрғындары, басқада нысандар 100% табиғи газға қосылады.

 Жалпы қалада 2023 жылы  - 8, 2024 жылы  - 12 елдімекен табиғи газбен толық қамтылады. Қазіргі таңда бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

ШЫМКЕНТТЕ 50 СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Шымкент қаласында маусым мен желтоқсан айлары аралығында 50 спорттық  іс-шара өтеді. Оған 10 мыңнан астам шымкенттік спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.  Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы жариялады, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ»: БАСКЕТБОЛДАН ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДА АНЫҚТАЛДЫ

З.Косодемяньская атындағы №23 мектеп-лицейінде Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтың бастамасымен «Шымкент жастар лига» жобасының жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында баскетбол ойындарының финалдық кезеңі өтті.
Спорттың БАСКЕТБОЛ түрінен 122 команда, 1464 оқушы қатысып финалдық кезеңге
Абай ауданынан:
1. №55 жалпы орта білім беретін мектебі;
2. №136 жалпы орта білім беретін мектеп;
3. Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназиясы;
4. Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі;
Әл-Фараби ауданынан
1. Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы;
2. Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі;
3. М.Х. Дулати атындағы №8 мектеп - гимназиясы;
4. №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп - гимназиясы;
Еңбекші ауданынан:
1. Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы;
2. А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі;
3. Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы;
4. Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебі;
Қаратау ауданынан:
1. №114 Сайрам жалпы орта білім беретін мектебі;
2. Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі;
3. №89 IT мектеп-лицейі;
4. №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы командалары жарысқа түсті.  Тартысқа толы ойынның нәтижесінде:
І-орынға - М.Х. Дулати атындағы №8 мектеп – гимназиясы лайық деп танылды.
ІІ-орын - Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебіне бұйырса,
ІІІ-орыннан - Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының командасы көрінді.

Айта кетейік, Шымкент жастар лигасына» спорттың футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 514 команда құрамында 5926 оқушы қатысуда. Атап айтқанда, Абай ауданында - 37, Әл-Фараби ауданында -25, Еңбекші ауданында - 40, Қаратау ауданында – 38. Сонымен қатар, командаларға қолдау көрсетуге 151 мектептен Фан – клуб командалары жасақталып 2265 оқушы қамтылды.
Осы спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400 ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылған.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ 5 КАНАЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Шымкент қаласының әкімі қаладағы каналдар мен арық-атыздарды тексерді. Сондай-ақ, Еңбекші ауданында орналасқан "Көк", "Чумчак" каналдарында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының қарқынын көрді. Айта кетейік, аталмыш каналдардың су өткізу қабілеттілігін, сыйымдылығын арттыру мақсатында мұнда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Шымкентте жалпы 34 канал бар. Оның ішінде 27 канал ауылшаруашылығы бағытында қолданылса, 7-і ирригациялық мақсатта пайдаланылуда.Сонымен қатар 4 су қоймасы бар. Белгілі болғандай, қазіргі сәтте ұзындығы 57,2 шақырымды құрайтын 5 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оның екеуі өткен жылдан өтпелі болса, үшеуіне күрделі жөндеу жұмыстары осы жылы басталған. Каналдардың құрылысы аяқталғанда су өткізу қабілеттілігі ұлғайып, жаңадан 1700 га егіс алқабы игеріледі.

 Қала әкімі аралау барысында қала үшін каналдардың маңыздылығына тоқталып, мердігерлерге жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды.

 «Каналдар калаға ауылшаруашылық үшін су жеткізудің негізгі көзі болғандықтан оларды күтіп ұстау мен тиімді пайдалану аса маңызды. Жөндеуден өткен каналдардың су өткізу қабілеті де жоғарылайды. Бұл өз кезегінде шаруалардың дәнді-дақылдар мен көгөніс және мал азықтық өнімдерін жетілдіруге мүмкіндігін арттырады. Сондықтан құрылыс барысында бетондаудың технологиялық талаптарын сақтап, жұмыстар өз мерзімінде аяқталуы тиіс», -деді қала әкімі.

 Сонымен қатар,  2027 жылға дейін қала аумағындағы  27 каналды қалпына келтіру жұмыстары атқарылып, тағы 5 мың га егістік жерді айналымға қосу жоспарлануда.

 

Айта кетейік, алдыңғы жылы «Жаңа Оңжағалау Сайрамсу» каналының 150 метр жері бетонмен қапталды. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, каналдарда ағын суды жеткізу 80-85%-ға артқан еді.

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

3,5 МЛРД ТЕҢГЕЛІК 5 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында биылғы жылы жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске қосылады. Осылайша, 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бүгін құрылысы жүріп жатқан кәсіпорындарды қала әкімі Мұрат Әйтенов аралады.

«Қалада өндіріс орындарының көп болғаны өте маңызды»,-деп бастады өз сөзін әкім. «Кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған жобаларға әрдайым қолдау көрсетуге әзірміз. Енді іске қосылғалы тұрған осы кәсіпорындарға 2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Тассай» индустриалды аймақтан жер бөлінген болатын. Бұдан да өзге мәселелерді бірге шешуге дайынбыз, - деді ол.

Осылайша шаһар басшысы бірінші болып атбасын мұнаралы крандар мен лифт шығаратын «Кaspy service» компаниясына бұрды. Құрылысы 2021 жылы басталған зауыт келесі жылдың ортасында аяқталып, іске қосылмақ. Бүгінде құрылыстың 30 пайызы атқарылыпты. Кәсіпорын жылына 10 бірлік өнім шығарады. Жалпы жоба құны 750 млн теңге. Пайдалануға берілсе, 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

 Одан кейін медициналық зертханаға қажетті вакуум түтіктерін өндіретін «Экофарм интернейшнл» ЖШС-ін аралады. Құрылысы 2019 жылы басталған жобаның І кезеңі аяқталған. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға көзделіп отыр.Кәсіпорын іске қосылғанда, жылына 70 млн дана медицинаға қажетті құрал өндіруге қауқарлы. Сондай-ақ, 200 адам жұмыспен қамту жоспарда бар.

 Келесі нысан медициналық зертхана жабдығын өндіретін «Bio Etica» және «Про-Тек-МП» бірлескен ЖШС-і. Жылына 1 млн дана жабдық шығаратын зауыттың құрылысы 2020 жылы басталған. Бүгінде құрылыстың 90 пайызы орындалған. Кәсіпорын осы жылдың соңына дейін іске қосылады деп күтілуде. Аумағы 0,25 га жерге орналасқан жобаға 125 млн теңге қаржы тартылыпты.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

 

"ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ": ВОЛЕЙБОЛДАН ЧЕМПИОНДАР АНЫҚТАЛДЫ


Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтың бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында волейболдан финалдық ойын өтті. Спорттың волейбол түрінен 129 команда, 1458 оқушы қатысып финалдық кезеңге
Абай ауданынан:
1. Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы;
2. №118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі;
3. З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі;
4. №54 жалпы орта білім беретін мектебі;
Әл-Фараби ауданынан
1. №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп - гимназиясы;
2. К.Сыпатаев атындағы №7 мектеп-лицейі;
3. №129 жалпы орта білім беретін мектебі;
4. Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы;
Еңбекші ауданынан
1. №134 жалпы орта білім беретін мектебі;
2. Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебі;
3. Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы;
4. Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы;
Қаратау ауданынан
1. №131 жалпы орта білім беретін мектебі;
2. Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі;
3. №103 жалпы орта білім беретін мектебі;
4. З.Хусанов атындағы №110 жалпы орта білім беретін мектебінен құралған командалар өтті.

Тартысқа толы ойынның нəтижесінде:

ІІІ-орын - Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясына бұйырды.
ІІ-орынға - Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы лайыұ деп танылды.
І-орыннан - Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі көрінді.

Жеңімпаз командалар 1 маусым күні Қажымұқан орталық стадионында марапатталатын болады.

Айта кетейік, Шымкент жастар лигасына» спорттың футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 514 команда құрамында 5926 оқушы қатысуда. Атап айтқанда, Абай ауданында - 37, Әл-Фараби ауданында -25, Еңбекші ауданында - 40, Қаратау ауданында – 38. Сонымен қатар, командаларға қолдау көрсетуге 151 мектептен Фан – клуб командалары жасақталып 2265 оқушы қамтылды.
Осы спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400 ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылған.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

 

ШЫМҚАЛАДА 9 ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестиция штабының отырысы өтті. Жиын барысында 2022 жылдың 4 айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың игерілуі мен хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыға түсті.

Инвесторлар «zoom» платформасы арқылы байланысқа шыққан қала басшысына жаңа жобалар туралы баяндады. Негізінен құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және әлеуметтік сала бойынша жалпы 9 жаңа жобаның жүзеге асыру мәселесі қаралды.Соның бірі - керамика плитасы өндірісі. Жоба құны 13,5 млрд теңге. Жоба жүзеге асса 200 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда «Жұлдыз» индусриалды аймағынан 25 гектар жер беру қарастырылуда.

Жылына 100 млн метр тамшылатып суаратын таспа мен 9000 тонна дайын полимер бұйымдарын шығаратын өндіріс те жаңа жобалардың қатарында. Ол үшін «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 3 га жер бөлу жоспарланып отыр. Жобаның құны 1,3 млрд теңге. Жылына 10 000 тонна электр энергиясы өндірісіне қажетті жабдық шығаратын зауытқа да 10 га жер телімі қажет.

 Келесі бір жоба – асфальт зауыты. Асфальт битиумдарын өндіретін және сақтайтын жобаның құны 300 млн теңгені құрайды. Жеке инвестор жылына 255 мың тонна асфальт өндіруді қолға алмақ. Ал, 897 адамды жұмыспен қамтуға арналған текстил жобасының құны 15,2 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 10 440 тонна иірілген мақта жіп пен18,9 млн шаршы метр мата тоқуға қауқарлы. Сондай-ақ, жылына 3,6 млн орам қағаз шығаратын мекемеге «Оңтүстік» индустриалды аймақтан жер бөлу жұмысы қаралуда.

Қала әкімі жаңа өндіріс орындары қаламыз үшін маңызды екенін, ұсынылған жобаларға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Индустриалды аймақтардан қажетті жер беріледі. Шаһар басшысы жобаның жүзеге асырылуы барысында кездесетін мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Үшінші мегаполисте «Шымкент жастар лигасы» жобасының финалдық ойындары өтуде

Шымшаһарда  «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорттың 4 түрінен ойындар өтуде. Оған жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары қатысып жатыр.

Сала мамандырының берген мәліметіне сенсек,  аталмыш жобаға жалпы білім беру мекемелердің тарапынан қазіргі уақытта футбол (ұлдар арасында), баскетбол (ұлдар арасында), волейбол (қыздар арасында), шахмат (ұлдар, қыздар арасында) спорт түрлерінен 143 мектептен өтінім келіп түсіпті. Сонымен қатар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 37 команда оның ішінде 7 жоғары оқу орны және 30 орта арнаулы оқу орындары жасақталып, қатысуға өтініш берді. Студенттер арасындағы жарыс бөлек өтеді.

Мектеп оқушылары арасындағы спорттық сайыстың жеңімпазы атанған 4 мектепке 20 млн теңгеден қаржылай сыйлық берілмек.

Тілге тиек етейік, жобаның бірінші кезеңінде 140 білім беру ұйымынан 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңнан астам оқушы бағын сынады.

Үш айға созылған ауқымды жобаның финалдық кезеңдері де өз мәресіне жетті.

Сонымен, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтың бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының шахмат спорт түрінен финал ойыны өтті. Спорттың ШАХМАТ түрінен 130 команда қатысып финалдық кезеңге:

1. Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі;
2. З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі;
3. №2 дарын;
4. Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы;

5. Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі;
6. А.С.Пушкин атындағы мектеп – гимназиясы;
7. Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы;
8. №45 мектеп-гимназиясы;
9.  Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы;
10. А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі;
11.  Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы;
12.  Акпан батыр атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі;
13. №68 жалпы орта білім беретін мектебі;
14. №89 IT мектеп-лицейі;
15. №69 жалпы орта білім беретін мектебі;
16.  №88 жалпы орта білім беретін мектептері өтіп, нәтижесінде:
І-орын Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейіне бұйырды. ІІ- орын Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының еншісінде.  Ал, ІІІ- орынды Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы иеленді.
Жеңімпаз командалар 1 маусым күні Қажымұқан орталық стадионында марапатталатын болады.

 

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат