Шымкентте волейболдан жасөспірімдер чемпионаты басталды

Шымкенттегі жоғары спорт шеберлігі мектебінің кешенінде волейболдан 2003-2004 және 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталды. Тартыспен басталған бәсекеге республиканың барлық өңірінен 400-ге тарта жас спортшы қатысып, өнер көрсетуде. 

Шымкентте жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды

Суға жүзуден еліміздің спортшылары Шымкентте өзара мықтыны анықтайды. Ол үшін Қазақстанның әр аймағынан бас-аяғы 300-ден астам жеткіншек келді. Жүзуден басталған Қазақстан чемпионаты жылдың қорытынды жарысы саналады

Шымкент қаласының бас полицейі жас спортшыларға қолдау көрсетті

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жумаханбетов Шымкент қаласындағы Кенесары Қасымұлын еске алуға арналған бокстан 2006-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтіп жатқан республикалық турнирге барып, департамент қамқорлығындағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі.

Шымкентте студент жастар арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды

6 команда арасындағы ойын өте тартысты өтті. Сайысқа қалалық Жастар ресурстық орталығы мен Қоғамдық денсаулық сақтау институты ұйытқы болды. Салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, есірткі бизнесіне күрес, жастардың дене белсенділігіне қолдау көрсету -сайыстың негізгі мақсаты. 

Шымкент қаласында садақ атудан халықаралық турнир басталды

Шымкент қаласында садақ атудан Кеңес Одағының батыры Қарсыбай Спатаевты еске алуға арналған дәстүрлі қырық төртінші халықаралық турнир басталды. Жарысқа қазақстандық мергендермен бірге Өзбекстан, Тәжікстан және Грузия мемлекеттерінен барлығы 200-ге жуық спортшы келген.