Шымкенттік Жолдыбай Тоқбаев - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Хорватияның Пореч қаласында еркін және грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды. Әлемдегі ең мықты спортшылар турниріне 44 елден 60 жасқа дейінгі еркін және грек-рим күресінің 650 үздік өкілдерінің балуандары жиналды. 

Төлебиде футбол алаңы ашылып, жасөспірімдер арасында турнир ұйымдастырылды

Төлеби ауданы Сұлтан Рабат елді мекенінде спорт алаңы пайдалануға берілді. Округ тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін алаңға "Бірлік" атауы берілді. Заманауи спорт алаңы барлық стандарттарға сай салынған. Құны 14 млн теңгені құрайды.

Түркістаннан «Бірлік керуені» Астанаға аттанды

Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осыған байланысты Түркістан облысынан «Бірлік керуені» жобасы ұйымдастырылып, түркістандық керуен елордаға жолға шықты.

Шымкенттік спортшы грэпплингтен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

7-12 қазан аралығында Еліміздің  астанасында грэпплингтен әлем чемпионаты өтті. ҚР құрамасы жалпы 12 алтын, 26 күміс және 40 қола медаль жеңіп алды, бұл құрамаға бірінші орын мен Чемпиондар кубогына жолдаманы  қамтамасыз етті

Түркістан: этноауылда ұлттық ойындар ұлықталды

Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты, ұлттық ойындарды насихаттау кеңінен қолға алынды. Жетісай аудандық аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ күресі мен қол күресі, асық ату мен арқан тарту, садақ ату мен білекті де жүректі жігіттердің арасында қошқар көтеру, гір тасын көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға қаржылай және бағалы сыйлықтар, арнайы медальдар мен дипломдар табыс етілді.