Сәрсенбі, 28 Тамыз 2024 16:25

Түркістан: шардаралық қолкүресшілер әлемді тағы да мойындатты

2024 жылы тамыз айының 15-24 күндері аралығында Молдова елінің Кишинёв қаласында өткен армрестлингтен 45-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

61 мемлекеттен 1500-ден аса спортшылар қатысқан Әлемдік додада жерлестеріміз жас-жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және ересектер арасында 20 алтын алқаны қанжығаларына байлап, дүниежізінің алдында Әнұранымызды 20 рет шырқатты. Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді атап айтар болсақ:

Жас-жеткіншектер арасында Әлем чемпиондары:

1. Алдан Нұрсұлтан

2. Қали Текжігіт

3. Анвар Эльдар

4. Серік Ерсұлтан

5. Закирова Назым

Жасөспірімдер арасында Әлем чемпиондары:

1. Есен Мейрамбек

2. Маманияз Жасурбек

3. Мелдебек Болат

4. Ибрагим Әділет

5. Оралбай Ұлжан

6. Абдулла Аружан

7. Оразхан Ырысты

Жастар арасында Әлем чемпиондары:

1. Мухамбетов Ердаулет

2. Қали Қасымжомарт

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Әлем чемпионы:

1. Құралбаев Ұлықбек

Ересектер арасында Әлем чемпиондары:

1. Нұрмахан Ердәулет

2. Зәрубек Санжар

3. Ерсайын Мейрамбек

4. Айдархан Нұрдаулет

5. Құттымұратов Медет

Бұдан бөлек шардаралықтар 16 күміс және 4 қола медальға қол жеткізіп, Әлемдегі теңдессіз клуб екенін тағы да дәлелдеді. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 52 алтын медальмен 1-орынға жайғасты.Айта кетсек, Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы (ересектер арасында) жеңіп алған 8 алтынның 6 алтын медальін «Шардара Армспорт» клубының спортшылары қанжығасына байлап, ерлер арасында жалпы есепте 1-орынды иеленді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 12 рет