Жұма, 13 Қазан 2023 13:46

Түркістан: «Арпаөзен» петроглифтерін халықаралық мәдени мұралар тізіміне енгізу жұмыстары жүргізіледі

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Түркістан облысында Түркістанның басты құндылықтары негізге алынып, облыстың мәдениет саласын дамытудың тұжырымдамасы дайындалды. Руханият саласын жандандыру, мәдениет мекемелерінің жай-күйін жақсарту, мәдениет саласындағы кадр тапшылығын шешу және шығармашылық адамдарына қолдау көрсету мақсатында дайындалған тұжырымдама негізгі 6 бағыттан тұрады. Олар: Түркістан – рухани елорда; Археология және мәдени мұралар; Ауыл – мәдениеттің бастауы; Кино – тәрбие құралы; Кітап – құнды қазына; Мәдениет және өркениет. Тұжырымдама 2023-2028 жылдар аралығында жүзеге асады. Бірқатары басталып та үлгерген.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған салаға жауапты басқарма басшысының жоспарын тыңдап, өңірдегі мәдени іс-шараларды республикалық және халықаралық деңгейге шығаруды тапсырды. Сонымен бірге халықты кітап оқуға, театрға қызықтыру, өнер ұжымдарының деңгейін көтеру, мәдени іс-шаралар арқылы туризмді дамыту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

– Түркістанның түркі әлемі үшін маңызы жоғары екенін білесіздер. Мәдениет саласында Түркістанның өз брендін, өз ерекшелігін қалыптастыру керек. Түркістанның мәдени іс-шаралары ұлттық рухы оятатындай әсерлі болуы тиіс. Мәдени іс-шаралардың деңгейін халықаралық, кем дегенде республикалық деңгейге көтерген жөн. Оған әлеуетіміз жетеді. Концерттік бағдарламалар, мерекелік іс-шараларда қазақтың ұлтық аспаптарына, мәдениетіне, ерекшелігіне басымдық берілгені абзал. Алдымен өз ән-күйімізді, киім үлгімізді, мәдениетімізді мықтап дамытып алайық. Шетелдік туристерді өзіміздің ұлттық болмысымызбен, мәдениетімізбен қызықтыра аламыз. Ән, би ұжымдарының киімінен бастап, репертуарларын да жақсартуға күш салыңыздар. Театрларымыз облыстағы аудан, қалаларға гастрольдік сапармен барсын. Елді театрға тарту қажет. Анимация, кино арқылы Түркістанның тарихын жұртшылыққа көрсету де маңызды, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев тұжырымдамада өңір мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды бастамалар, жобалар қамтылғанын мәлімдеді. Онда мәдениет орындарын білікті өнерпаздармен толықтыру, таланттарды іздеу, мәдениет ошақтарын жөндеу, салу, тарихи кітаптар, фильмдер шығару және өзге де мәселелер көрініс тапқан.

Биыл халықаралық мәдени мұралар тізіміне енгізу мақсатында «Арпаөзен» тарихи-мәдени кешеніне археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Зерттеу нәтижесінде 5000-нан астам петроглифтің сыры ашылып, халықаралық тізімге енгізу бойынша ұсыныс жолданады. Бұл жөнінде Түр­кіс­­танның бас­ты құнды­лық­тары негізге алынып әзірленген, облыстың мә­де­ниет саласын дамыту тұ­жырымдамасында қам­тылған. Тұжырымдама 6 ба­ғыт­тан тұрады. Соның бірі – археология және мәдени мұралар. Дәл осы бағыт аясында петроглифтерді зерттеу көзделіп отыр.

Созақ ауданы Абай қыстағы­ның оңтүстік-батысында, Қаратау­дың Келіншектау жотасында ор­­на­ласқан «Арпаөзен» таңбалы тас­­тары – қола дә­уірінен сақталған құн­ды ескерткіштер, жар­тасқа таңбаланған су­рет­тер. Негізгі сю­жет­те­рі аңшылыққа, жау­гер­­шілік тақырыпқа және жан-жануарлар тір­ші­лігіне арналған. Ма­ман­дар сақ заманының пе­троглифтерінде жабайы аңдардың, жануарлардың бір-бірімен айқасқан қи­мылдары арқылы заманның шым-шытырық оқиғалары зооморфтық ерекше кодтар арқылы көрсетілгенін айтады. Жартастағы суреттерде жыл мезгілдерінің ауысуы сияқты та­биғи құбылыстар айқын аңға­рылады.

Арпаөзен таңбалы тастары немесе Арпаөзен петроглифтерін әуел баста Қазақстан ғылым академиясының археологогия экспедициясы зерттеген. Суреттердің саны бірнеше мың. Негізгі сюжеттері аңшылыққа, жаугершілік тақырыпқа және жан-жануарлар тіршілігіне арналған. Қос аяқты ат, өгіз және түйе жеккен соғыс және шаруашылық арбалары кездеседі. Жартасқа салынған қос атты жауынгерлік арбалар белгілі бір этникалық топтардың, дәлірек айтқанда, үндіарийлықтардың мифтік және діни әдет-ғұрыптарының біршама әсер еткендігін және миграциялық қозғалыстың бағыттары осы аумақ арқылы өткендігін дәлелдейді.

Сақ заманының петроглифтерінде жабайы аңдардың, жануарлардың бір-бірімен айқасқан қимылдары арқылы заманның шым-шытырық оқиғаларын зооморфтық ерекше кодтар арқылы көрсеткен. Жартастағы суреттерде жыл мезгілдерінің ауысуы сияқты табиғи құбылыстар айқын аңғарылады. Мұндай көріністер металдан, ағаштан, теріден жасалған күнделікті тұрмысқа қажетті заттарға да салынған. Ескерткіш біздің замаңыздан бұрын 1–2-мыңжылдыққа жатады.

Руханият саласын жан­дандыру, мәдениет меке­мелерінің жай-күйін жақ­сарту, кадр тапшылығын шешу және шығармашылық адамдарына қолдау көрсету мақсатында дайындалған тұжырымдамада тарихи кі­таптар, фильмдер шы­­ғару және өзге де мә­се­­ле­лер қам­тылған. Мә­де­ниет және туризм бас­қар­масы­ның басшысы Әзім­хан Қой­лыбаевтың ай­туын­ша, өңірде 700-ге жуық тарих және мәде­ниет ескерт­кіштері енгі­зілген жинақ 1994 жылы шығарылған. Ал бүгінде 1770 тарихи-мәдени ескерт­кіш бар. Анықталған та­рихи-мәдени мұралар бойынша кезең-кезеңімен ес­керткіштер жинағын шы­ғару жос­парланып отыр.

Жалпы өңірде тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы 1994 жылы шығарылған. Жинаққа 700-ге жуық тарих және мәдениет ескерткіштері енгізілген. Ал бүгінде 1770 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Бүгінгі күнге дейін анықталған тарихи-мәдени мұралар бойынша кезең-кезеңімен ескерткіштер жинағын шығару жоспарлануда. Облыста «Түркістан облысы аумағындағы ежелгі қалалар» жобасын өткізу, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына орай халықаралық конференция өткізу межеленіп отыр. Тұжырымдамның 4 бағытында Қожа Ахмет Ясауидің өмірбаяны, тарихы, мұрасы жайлы кино, деректі, анимациялық фильмдермен қатар, қазақ тарихындағы басқа да елеулі тұлғалардың өмірі кинотаспаға түсіріліп, насихатталады.

 «AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 123 рет Соңғы рет өзгертілді: Сенбі, 21 Қазан 2023 18:08