Сенбі, 21 Шілде 2018 15:36

Шымкенттік велоспортшы өз сапарын екі елдің ынтымақтастығына арнамақ

78 жасар шымкенттік велоспортшы Өзбекстанның тарихи қалаларына сапарлап шықты. Кеңесбек Сейтімбетов  көрші мемлекеттің тарихи Ташкент, Бұхара, Самарқанд қалаларын аралап, екі ел ынтымақтастығын дәріптемекші.

Зейнеткер спортшы бұл сапарын  Қазақстандағы Өзбекстан жылына орайластырып отырғанын, яғни, осыған арнайтынын жеткізді. Бір аптаның ішінде өзбек елінің үш қаласын велосипедпен  аралап шықпақ.  «Бұған дейін Мекке мен Мединаға, Ресей және Ауғанстан еліне жалғыз саяхаттадым. 75 жасымда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ауғанстан астанасы Кабулға дейін барған болатынмын. Өткен жылы Астанадағы «Экспо» халықаралық көресіне барып қайттым»,- дейді  Кеңесбек Сейтімбетов.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жыл – Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп жарияланған болатын. Наурыз айында екі ел басшыларының қатысуымен Астана қаласында оның ашылу салтанаты өткені белгілі. Содан бері 4 айдың ішінде елімізде қазақ-өзбек ынтымақтастығына арналған көптеген мәдени, саяси-экономикалық, әлеуметтік іс-шаралар өтуде. Соның дәлелі ретінде Шымкентте өткен қазақ-өзбек бизнес форумын, Өзбекстан тауарөндірушілерінің көрмесін, Ташкент-Шымкент велошеруін айта кеткен жөн.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 6967 рет