Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға биыл 40 млрд теңге бөлінді

Түркістан облысында 2022 жылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға 30,3 млрд. теңге бөлінсе, биылғы жылы қолдау көлемі 30%-ға артып, 40 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының м.у.а. Әлібек Әбдіхалықұлы мәлімдеді.

Мақтаарал ауданында тоқыма комбинаты және логистикалық орталық ашылады

Мақта-тоқыма кластерімен айналысатын өзбекстандық ең ірі компаниялардың бірі – «Global textile» компаниясы Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында тоқыма комбинатын және логистикалық орталық ашады. Шетелдік компания 2 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтитын 5 ірі кәсіпорынды іске қоспақ.

Қазақстандағы агроқұрылымдардың 33 пайызы Түркістан облысына тиесілі

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы республикада айрықша орын алады. Өйткені, еліміз бойынша аталған саладағы жалпы өнімнің 13%-ы күнгей өңірге тиесілі. Сондай-ақ, агроқұрылымдардың 33%-ы (80 мың) Түркістан облысында.

Түркістанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Мәжіліске облыс әкімі Д.Сатыбалды, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Төлеубаев, құқық қорғау органдарының бастықтары, басқарма басшылары және бейнебайланыс арқылы аудан, қала әкімдері мен қатысты.

Түркістанда әліппеге арналған көмекші оқу құралы таныстырылды

Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында журналист, жазушы, «Алтын қалам» республикалық әдеби байқауының лауреаты Ділдәгүл Нұрмаханбеттің «Әліппеге арналған әдістемелік-хрестоматиялық көмекші оқу құралының» таныстырылымы өтті.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРҚАСЫНДА МИЛЛИОНЕР БОЛҒАН ШЫМКЕНТТІК АНА

Кәсіп бастауға ниет еткен адам үшін – титтей мүмкіндіктің өзі зор қолдау. Мемлекеттен тұрмысымызды түзету үшін берген жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер менің бүгінгі бизнесімнің алғашқы іргетасы болды десем ешкім сене қоймас. Алайда, бұл – шындық. 2015 жылы аз қамтылған отбасы ретінде мемлекеттен алған қаржымды кәсіптің көзіне айналдырып, бүгінде кәсіпкер ретінде салық төлеп жүрген азаматшамын.

Қазіргі атаулы әлеуметтік көмектен бұрын «Өрлеу» деген бағдарлама болды. Алты баланың анасы ретінде осы көмек қаржыға қол жеткізіп, оған бір тігін машинасын алдым. Өзім тігіп-пішуге жақын болғандықтан алғашында көрпе-төсек жаймалары, қыз жасауын тігіп, үйден тапсырыс алып отырдым. Өзімді осылай жұмыспен қамтыдым. Үйдегі ең жақын көмекшілерім – отағасы мен балаларым болды. Кейіннен атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасына берген өтінімім қабылданып, оның қаржысына 8 тігін машинасын алып, кәсібімді кеңейттім. Үйінде бос отырған 2 келіншекті жұмыспен қамтыдым.

Үйдегі шағын цехымда көрпе, қыз жасауы, төсек-жаймалар тігіліп жатты. Оны сататын орын болмағасын аздап қиналып қалдық. Әкімдіктен қаладағы базарлардың бірінен дүңгіршек қарастырып беруін сұрап едік, көп ұзамай орталық «Қырғы» базарынан орын алып берді. Енді өзіміз тіккен бұйымдарды алыпсатарсыз тікелей саудаға шығарып, бағасы қолжетімді әрі сапалы болғасын қысқа уақытта өз клиенттерімізді қалыптастырдық. Ары қарай мемлекеттің қайтарымсыз грантына қол жеткізіп, компьютерлі-автоматты тігін машинасына да қол жеткіздім. Осылайша сапасы түрік көрпелерінен кем түспейтін өнімдерді шығара бастадық.

Уақыт өте балалар да есейді, отбасылық шығындар арта бастады. Енді кәсіпті ары қарай өркендететін сәт келді деп түйдік. Сосын алтын-күміс әшекей бұйымарының саудасына кірістім. Міне, қазір осы бағытта бизнесім өркендеп, 8 адамға жұмыс беріп отырмын. Балаларымның үлкені Түркияда білім алып жатыр. Одан кейінгілері мектепте жоғары сыныпты, ең кенжесі бірінші сыныпта оқиды. Қазір балаларымды зергерлік мамандығын игеруін құптап отырмын. Болашақта осы саланың білікті маманы болса, әшекей бұйымдарды өндіретін үлкен кәсіпорын құруды мақсат еттік.

Өткеніммен қазіргі күнімді бағымдар болсам, бүгінгі жетістігіме мемлекеттің сүйемелімен, мемлекет берген мүмкіндікпен жеткен екенмін. Маған берілген әлеуметтік көмек қаржының барлығы отбасыма, кәсібіме береке болып кірді. Бәлкім, осыдан 10 жыл бұрын маған «табысты кәсіпкер боласың» десе сенбес едім.

Қазір бәрі мүмкін. Өйткені біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп, өзіміз қалаған адал кәсіппен айналысып жүрміз. Өзім секілді көпбалалы аналарға айтарым – мемлекеттен берілген әр көмекті тиімді пайдаланып, кәсіп бастауға жұмсаңыздар. Біз үшін осындай мүмкіндік берілгенде, біз де сенімді ақтап, бұған дейін елдің демографиясының дамуына үлес қоссақ, енді экономикалық шарықтауына дем берейік.

Тілләкүл ҚАРСЫБАЕВА, кәсіпкер, «Күміс алқа» және «Құрмет» орденінің иегері

 

Халықаралық компания Түркістан өңірінде жел мен күн сәулесінен қуат алуға қомақты инвестиция салмақ

Түркістан облысында қолданыстағы қуат көздерін барынша жаңартып, электр энергиясын өндірудің жаңа, мейлінше тиімді көздерін пайдалану бойынша жаңа жобалалар жүзеге аспақ. Бұл бағытта еліміздегі баламалы энергетика мүмкіндіктерін пайдалану үшін жел мен күн сәулесінен жарық өндіруге қатысты жобалаларға басымдық беріледі.

Түркістанда түркі әлемі математиктерінің VII дүниежүзілік конгресі өтуде

Облыс орталығы Түркістан қаласында Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Мемлекет басшысын құттықтауында бұл шараның мән-мағынасы зор екені, матемиканың адамға берер пайдасы, Қазақстанда математиканың мықты мектебі қалыптасқаны, Конгрестің математика ғылымының дамуына тың серпін беретіні баяндалған. Сонымен қатар өңір басшысы қатысушыларға сәттілік тіледі.