Түркістан: жылыту маусымына дайындық және жылыжайларды көмірмен қамту мәселесі қатаң бақылауда
Түркістан облысы әкімдігі аппаратының апталық мәжілісінде жылыту маусымына дайындық барысы және жылыжайларды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға, аудан, қала әкімдеріне жылыту маусымына дайындықты сапалы жүргізуді тапсырды.