Түркістан: Дархан Сатыбалды қытай делегациясымен жаңа жобаларды талқылады

Түркістанға Қытайдың Шаньдун провинциясынан делегация келді. Шаньдун Қытайдың барлық аймақтары арасында ШҰАР мен Пекиннен кейінгі Қазақстанның үшінші сауда серіктесі. Аталған провинция мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жыл басынан бері 1 млрд долларды құрады. Бұл сапар Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр.

Түркістан: «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 19,8 млрд теңгені құрайтын 3220 жобаға өтініш түскен

Түркістан облысы әкімі аппаратының кезекті апталық отырысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы міндеттерді орындау бағытында іс-шара жоспары әзірленетінін жеткізді.

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОС ЖАСТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Шымкент қаласында тұратын этнос жастары «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты байқауда бақ сынасты. Қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен сайыс 25 қазан – Республика күніне орайластырылған.

– Бүгінгі іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Бұл байқауға қаламыздағы әртүрлі мекемелерде қызмет атқарып жатқан 18-35 жас аралығындағы жастар қатысып жатыр. Байқауға қатысушылар тарапынан осы жылдың 9 қазанына дейін мекемеміздің электрон поштасына 16 өтінім түскен болатын. Үміткерлердің 10-ы байқау талабына сай келгендіктен, қатысушы ретінде қабылданды. Қазір өтінімі мақұлданған жастар өзара сайысқа түсіп жатыр, –деді қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының директоры Гүлмира Жанысбекова.

Байқау үш кезеңнен тұрады. Алғашында қатысушылар өз өнерін паш етсе, екіншісі – «Сөздің көркі» деп аталатын кезеңде Отан, елге қызмет тақырыбында мақал-мәтел айтудан жарысты. Одан кейін үміткерлер берілген тақырып төңірегінде толғанды. Яғни, ұяшықтардың бірін таңдап, туған жер, салт-дәстүр, қазақ халқының белгілі тұлғалары жөнінде сөйлем құрайды. Ал, қазылар алқасы әр кезең бойынша қатысушының тіл тазалығы, сахна мәдениеті, берілген тақырыпты ашуы және берілген тапсырманың орындалуына қарай бағалап отырды.

– Өзім азербайжан ұлтының қызымын. Мемлекеттік тілді ұлықтайтын байқауға алғаш рет қатысып отырмын. Бес жылдан бері қаламыздағы №116 мектепте орыс тіліндегі мектеп алды даярлық тобына сабақ беріп келемін. Орыс тілінде білім алсам да, қазақ тілін бір кісідей біліп, еркін сөйлеймін. Сайыста сахнаға шыққанда аздап қобалжу болды. Дегенмен жеңіп шығу үшін барымды саламын, – дейді қатысушы Махпуля Ахметова.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Наргиза Сайдуллаева иеленсе, І орынды Насиба Султанова қанжығалады. Ал ІІ орыннан Мафтуна Абдиваитова және Камола Нурметова көрінсе, ІІІ орынға Дмитрий Шпенглер, Гүлханым Тұрсынова және Махпуля Ахмедова лайық деп танылды.

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРҒА ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫН ЕҢБЕКМИНІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ БАҚЫЛАДЫ

Шымкентте жастарға арналған шағын несие беру бойынша кезекті комиссия отырысы басталды. Бұл жолы комиссия отырысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы Жадыра Оразбаева қатысты. Еңбекмині өкілінің бақылауымен өткен жиында жеңілдетілген несие алуға үміткер 35 азамат өз жобаларын қорғады. Жастардың басым көпшілігі ауыр жүк көлік тасымалы, ірі қара мал бағу мен сауда-саттық дүкендерін ашу және қызмет көрсету бойынша идеяларын ұсынуда. Тәуелсіз комиссия өкілдері бизнес-жобаның өміршеңдігі мен қоғамдық маңыздылығына қарай іріктейді.

Аталған мемлекетік қолдау 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қабылданады. Кепілге қоятын мүлік болмаса кепіл берушіні тартуға болады.

Еңбекминінің бас сарапшысы Шымкентке іс-сапары барысында сондай-ақ жастарға арналған жеңілдетілген несиенің көмегімен кәсіп ашқан азаматтардың жұмыс орындарын аралады. Жалпы, Шымкент қаласында биыл 261 азаматқа шағын несие беру жоспарланған. Сенімді өкіл ретінде «Агронесие корпорациясы» АҚ белгіленіп, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен тапсырма шарты түзілген. Бүгінгі таңда 400-ге жуық құжат қаралып, 209 адам оң қорытындысын алған. Оның ішінде 158 азаматқа шағын несие беріліп, басым көпшілігі өз кәсіптерін жүргізуде.

Шымкентте өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалына тапсыру қажет. Мекен-жайы: Қонаев даңғылы, 3/3

ШЫМКЕНТ: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ДӘСТҮРЛІ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Республика күні мерекесіне орай “Дәстүрлі әнім шырқалсын!” атты ән байқауы өтті.

Бастаманың мақсаты - Қазақ халқының дәстүрлі музыкасын, мәдениетін жастар арасында кеңінен насихаттап, ұлттық өнерді дәріптеу

Байқауға аудан әкімі, депутаттар, “Желтоқсан оқиғасы”қатысушылары, аудан ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

“Ұлт руханиятының ұлы бір бөлшегі, ол – дәстүрлі ән мен күйлер екені даусыз. Ұлттық өнерімізді тыңдап, жанына сіңіріп өскен қазақтың кез келген баласы өзінің қазақ екенін мақтанышпен айтатын болады. Сондықтан ел болу жолындағы басты міндеттеріміздің бірі - ол ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, ұлттық мәдениетімізді жаңғырту болмақ” – деді аудан басшысы Р.Мүлкеманов.

Жас әншілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі әншілер байқауына қаламыздағы белгілі ақын Біржан Байтуов жетекшілік ететін «Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің» 12-18 жас аралығындағы 20 үміткер қатысып, халық әндерінің қасиеті мен құдіретін көпшілікке паш етті.

Байқауда үміткерлердің орындау шеберлігіне, таңдалған шығарманың тәрбиелік мазмұны мен мағынасына, өнерпаздың сахнада өзін-өзі ұстауы мен сахна мәдениетін сақтауына қарай баға берілді.

Әншінің бәрі дүлдүл, бәрі бұлбұл болса да, мәре бәрі бірдей кеспейтіні бар. Дегенмен байқаудың нәтижесі бойынша Бас жүлде- Байданов Батырханға, 1-орын Жанқараш Нұртазаға, 2-орын Сахан Ибраhимге, 3-орын Жайлаубай Әлияға бұйырды.

Барлық сайысқа қатысушыларға аудан әкімінің ынталандыру сыйлықтары ұсынылып, жүлделі орын иелеріне арнайы жүлделер табысталды.

Айта кетейік, ең жас өнерпаздар Ілесбек Бекарыс пен Битуған Алмазға аудан депутаттары Лазиз Сулайманов пен Асқар Молдабек байқау үстінде арнайы жүлде ұсынды.

Қатысушылар мен көрермендер ұлттық өнермен өнерін өрнектеген жастарға қолдау көрсеткен қалалық мәслихаттың депутаттарына шара барысында разылықтарын жеткізді.

Түркістан: Жетісай драма театры 55-ші маусымын жаңа туындымен ашты

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде мәдени және спорттық нысандарды көбейту, тұрғындардың рухани әлеуетін көтеру бағытындағы жұмыстарды жандандыру жөнінде тапсырған болатын. Осыған орай шалғайдағы елдімекендерге де ерекше көңіл бөлінуде.

Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі артып келеді

Сауран ауданы бойынша 2022 жылы 42 137 гектар егістік жер игерілсе, биылғы жылға 42 200 гектар егістік жерді игеру тапсырмасы берілді. Бүгінгі күнге нақты 43 530,8 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 1 393,4 гектарға артығымен орындалды немесе 103,1%-ды құрады.

Сауран ауданында жайлымдарды халыққа қайтару жұмыстары қарқынды жүруде

Жалпы Сауран аудан бойынша жер көлемі – 721,7 мың гектар. 2022 жылы 48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланған болса, нақты 51,3 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылып, жоспар артығымен орындалған. 2023 жылға жоспар 30 мың гектар белгіленген. Бүгінгі таңда 14 725 гектар жер ортақ жайылымға қайтарылды. Алдағы уақытта жайылым мәселесі толығымен шешілетін болады.

Түркістан облысының жастары президенттік жастар кадрлық резервіне қызығушылық танытты

Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу тәртібі түсіндірілген жиын өтті. Оған аудан, қала әкімі аппаратының басшылары, ішкі саясат бөлімдерінің, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» басшылары, сонымен қатар жасы 35-тен аспаған жастар қатысты. Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен жиынды Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов жүргізіп отырды. Ол жастарға аталған мүмкіндікті пайдалану маңызды екенін айтты.