Түркістан: «Арпаөзен» петроглифтерін халықаралық мәдени мұралар тізіміне енгізу жұмыстары жүргізіледі

Түркістан облысында Түркістанның басты құндылықтары негізге алынып, облыстың мәдениет саласын дамытудың тұжырымдамасы дайындалды. Руханият саласын жандандыру, мәдениет мекемелерінің жай-күйін жақсарту, мәдениет саласындағы кадр тапшылығын шешу және шығармашылық адамдарына қолдау көрсету мақсатында дайындалған тұжырымдама негізгі 6 бағыттан тұрады. Олар: Түркістан – рухани елорда; Археология және мәдени мұралар; Ауыл – мәдениеттің бастауы; Кино – тәрбие құралы; Кітап – құнды қазына; Мәдениет және өркениет. Тұжырымдама 2023-2028 жылдар аралығында жүзеге асады. Бірқатары басталып та үлгерген.

Түркістан: облыс әкімі түркістандықтармен кездесіп, өтініш-пікірлерін тыңдады

Түркістандағы Октябрь Жарылғапов атындағы стадионның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды қаланы кезекті аралау барысында стадионға барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Түркістанда жиһаз шығару ісі қарқынды дамып келеді

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы бірнеше кәсіпкерлік нысандарында болып, жұмысымен танысты. Кәсіпкерлермен жеке-жеке сөйлесіп, өндіріс көлемін ұлғайту, жұмыс орындарын көбейту, шетелдік нарыққа шығу жөніндегі жоспарларын, өтініштерін тыңдады. Қандай қолдау қажет екенін сұрап, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді.

Түркістан қаласының инфрақұрылымы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың қатысуымен қала әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтіп, өзекті мәселелер сараланды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков атқарылған жұмыстармен қатар, түйткілді мәселелерді де көтерді.

Кентаудағы №5 ЖЭО-ның 4 қазандығы ағымдағы жылы жөндеуден өткізіліп, қуаттылығы күшейтіледі

Кентау қаласындағы №5 ЖЭО-ның қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Су айдайтын 2 қазандықты жыл соңына дейін қайта құру және 4 қазандығы ағымдағы жылы жөндеуден өткізіліп, қуаттылығы күшейтіледі. Ондағы 8 қазандықтың 4-еуі жөндеуден өтсе, қалған 4-еуіне қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Орталықтағы жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстары қатар жүріп жатыр.

Түркістан: 30-ға жуық инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды

Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан және енді қолға алынатын жобалар талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әрбір инвестордың пікірін тыңдап, жобаға қатысты мәселелер бар-жоқтығын сұрады. Әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін, бірақ, инвесторлар да өз жобаларын созбалаңға салмай уақтылы аяқтауы тиіс екенін жеткізді.

Түркістан: елге қажетті әрі туризмді дамытуға серпін беретін нысандар салуға басымдық берілетін болады

Түркістан облысында және Түркістан қаласында салынатын әрбір нысанның құрылысы сарапшылардың талдауынан өтіп барып жүзеге асады. Оның сәулеті, идеологиялық мәні талқыланып, құрылыс материалдары да қатаң сараптаудан өтуде.

Түркістанда мәдениет саласын дамытатын жаңа мамандар қабылданып жатыр

Түркістан өңірінің рухани-мәдени саласын дамытуға оң қадамдар жасалуда. Таяуда «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде жаңа мамандарды қабылдау бойынша іріктеудің екінші кезеңі өтті. Өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі оркестр жасақталып, би ұжымы іріктелді.