ПРОКУРОРЛАР ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласында Еңбекші аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен студент жастарға арналған «Прокуратура сағаты: есірткі және жасөспірім» атты кездесу өтті. Шымкент көлік колледжінде өткен жиынға аудандық прокурордың орынбасары Данияр Сағындықов, Еңбекші аудандық полиция басқармасының бастығы Оңласбек Алғыбаев, психиатр-нарколог Майра Садықова және аудандық мешіттің имамы Орын Ербосын қатысып, жастарға синтетикалық есірткі, оны тасымалдау мен жарнамасымен айналысудың салдары және тәуелділік жайында түсіндіріп берді.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев жүргізіп отырды. Алғаш болып сөзге шыққан аудан прокурорының орынбасары Д.Сағындықов есірткі тасымалымен айналысқандар қандай жаза болатынын түсіндірді. Оның айтуынша, ресми мәліметке сәйкес, елімізде 118 мың адам есірткіге тәулділік бойынша есепте тұрады. Бірақ, нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары, шамамен 150 мың адамға жетеді. Әлемдік тәжірибеде есірткіге тәуелді 10 адамның біреуі ғана бұл жаман әдеттен арылуға тырысады екен.

– Нашақорлар есірткіні көп қолданғаны үшін емес, көбіне ЖИТС, инфарк, гепатит немесе суицидтен қайтыс болады. Негізінен синтетикалық есірткіні қолданушылардың өмірі 5 жылдан ары аспайды. Ал, есірткі сатушылары «синтетиканы» мүлдем зиянсыз, тәуелділікке әкелмейді, деп сендіреді. Алайда, мұндай есірткі героиннен де қауіпті. Алғашқы қолданғанда адам бойына сергектік сыйлап, уақытша жақсы көңіл-күй береді. Күші тарқай бастағанда, депрессия, ұйқысыздық және әлсіздік билейді. Мұндай сәтте адам осы «аурудан» арылу үшін тағы есірткі іздей бастайды. Сатушылар есірткіні тарату ісіне көбіне жасөспірімдерді таңдайды. Өйткені, жастар апта сайын түсетін көп табысқа тез алданады. Тарату ісіне кірерде жастар өзі жайлы бүкіл мәліметті ұсынуы тиіс. Егер арада уақыт өтіп, таратушы «ойыннан» шығуға ниет етсе, сатушы оны туған-туыстарымен немесе өзін бопсалау арқылы ұзақ жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Алайда, таратушы ең ұзағымен 2 аптаға дейін ғана жұмыс істей алады, құқық қорғау органдары оларды қысқа мерзімде анықтап, құрықтайды, - дейді Данияр Молдабекұлы.

Елімізде есірткі саудасымен айналысқандарға, таратушыларға және оны жарнамалауға қатысты заң өте қатал, ешқандай жеңілдік қаралмайды. Қазір түрмеде 4 мыңнан астам адам есірткі қылмысымен жазасын өтеп жатыр. Прокурордың айтуынша, кәмелет жасқа толмағандар үшін 10 жылдан бастап 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, 18 жастан асқандар 20 жылдан көп уақытын түрмеде ең ауыр қылмыскерлердің арасында өтейді екен.

Жиын барысында әр саланың маманы есірткінің салдары мен тәуелділік кезіндегі адам өміріне туғызатын қауіп жайында терең мағлұмат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сөзге шыққан мамандар жастарға алғаш рет есірткінің дәмін татуды ұсынған сәтте «жоқ» деп айту қажет екенін ұғындырды.

 

ШЫМКЕНТ: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ЖАРЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАП, ЖОСПАРЛАРЫМЕН БӨЛІСТІ

Жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері баспасөз мәжілісіне қатысып, жарысты қорытындылады. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, Азия ойындарының жеңімпазы Сергей Емельянов пен күміс жүлдегер Мейіржан Шермаханбет және олардың жаттықтырушылары БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жазғы Азия ойындарында Шымкент қаласынан 23 спорт түрінен 66 спортшы бақ сынап, жерлестеріміз 26 жүлде жеңіп алған болатын. Аталған сайысқа Шымкент қаласы республикалық мәртебе алғаннан кейін алғаш рет дербес команда ретінде қатысты. Басқарма басшысы енді қала спортшылары күнтізбелік жоспарға сәйкес, Олимпиада жолдамалары үшін сайысқа түсетінін атап өтті.

– Жазғы Азия ойындарын қала спортшылары жоғары жетістікпен аяқтады. Енді 22-28 қазан аралығында IV Пара Азия ойындары өтеді. Ол сынға Шымкент қаласынан 3 спорт түрінен 5 спортшы аттанады. Олардан да жақсы нәтиже күтеміз. Олимпиада ойындарына дайындық бойынша күнтізбелік жоспарымыз бар. Париж Олимпиадасына жалпы 15-ке жуық жолдама жеңіп алу мақсаты тұр, – деді басқарма басшысы.

Байдарка және каноэде есуден жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Сергей Емельянов, грек-рим күресінен Азия ойындарының күміс жүлдегері Мейіржан Шермаханбет ендігі ретте Олимпиада жолдамасы үшін тыңғылықты дайындыққа кірісетіндіктерін айтты. Баспасөз брифингінде спортшылар мен олардың бапкерлері БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Айта кетсек, Пара Азия ойындарына жүзуден Айсұлтан Кулкаев, Мансурбек Ибрашев, Алина Дубинина, садақ атудан Жасұлан Кішен және каноэде есуден Максим Богатырев жүлделі орындарға таласып көрмек.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 12 қыркүйекте ҚР Туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына  жазғы Азия ойындарында алған медальдар үшін ақшалай көтермелеу мөлшері жариялаған болатын.

Ведомство Азия ойындарының чемпионы атанған спортшы 10 000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алатынын, ал алтын медаль иегерін дайындаған жаттықтырушы 5000 доллар алатынын нақтылады.

Құрлықтық біріншіліктің күміс жүлдегері 5000 доллар алады, ал оның жаттықтырушысы 3000 доллар алады.

Сондай-ақ қола жүлдегер  3000 доллар ақшалай сыйақы және оның жаттықтырушысы 2000 доллар сыйақы алады делінген.

ШЫМКЕНТТЕ КҮМІС ДОМБЫРАНЫҢ ИЕСІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Үшінші мегаполисте Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған жас ақындар арасындағы республикалық «Күміс домбыра» айтысы «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» деген тақырыпта өтті. Жыр додасына еліміздің әр өңірінен жиналған 16 айтыскер ақын қатысты.

– Тәуелсіздік алғалы айтыс өнері ұлттық мәдениетіміздің асыл мұрасы ретінде кеңінен насихатталып келеді. Соның ішінде «Күміс домбыра» жобасы халық арасында кеңінен қолдау тауып, биыл үшінші жыл қатарынан өтіп отыр. Осы орайда киелі өнердің дамуына қолдау көрсетіп келе жатқан қала әкімдігіне алғыс айтамыз. Бұл айтыс еліміздің Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін насихаттау және жас ақындардың ішкі мүмкіндіктерін ашып, шабыттарына қанат бітіру мақсатында өткізілді. Жас ақындар арасындағы республикалық айтыс тек Шымкент қаласында ғана өткізіліп жүргенін де айта кету керек. Жас ақындардың бұл айтысқа қызығушылығы жоғары, сондықтан жоба тоқтап қаламаса екен деген тілегіміз әрі өтінішіміз де бар, - деді Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің айтыс сыныбының жетекшісі, белгілі айтыскер ақын Қажымұқан Абзал.

Тәуелсіздікті тірек еткен жыр додасына белгілі айтыскер ақындар мен мәдениет саласының мамандары әділ бағасын беріп, қазылық етуде. Атап өтсек, айтыстың ақтаңгері атанған Бекарыс Шойбеков, Маржан Есжанова, Күлия Айдарбекова, Ахметжан Өзбеков, Еркебұлан Қайназаров сынды азаматтар қазылар алқасы құрамында болды.

Жыр додасында жас ақындар қоғамдағы өзекті тақырыптарды қозғап, көрерменді ұшқыр ой, ұрымтал шумақтарымен тамсандырды.

- «Күміс домбыра» айтысына биыл үшінші рет қатысып тұрмын. Бірінші айналымда Астананың ақыны Ердәулет Ыбыраевпен шықтым, екінші айналымда түркістандық ақын Ахметрасул Баянбаймен айтыстым. Айтыстың көрермені жылдан жылға жасарып келеді. Сондықтан да жастар арасындағы маңызды мәселелерді қозғадым, - дейді Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің мұғалімі, ақын Аян Ниязбек.

Айтыстың ақтық кезеңіне жолдама алған үш жұп суырып алып, шаппа-шап айтыс көрсетіп, көрермен қауымның қошеметіне бөленді.

Айтыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов марапаттап, ұлттық өнерімізді ұлықтап, тамаша айтыс көрсеткен өнерпаздарға алғысын білдірді.

Сонымен, әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІІ орынды Ердаулет Ыбырай мен Нұрдаулет Өмірбекке, ІІ орын Жамбыл облысының өкілі Мұхтар Қонарбай мен түркістандық ақын Ахметрасул Баянбайға, ал, І орын Баянауылдан келген Мәрес Байронға берілді. «Күміс қалам» айтысының бас жүлдесін Шымкент қаласының өкілі Аян Ниязбек жеңіп алды.

 

 

Түркістанда алғаш рет жүректің коронарлық артерияларын стенттеу отасы жасалды

Түркістанда бірінші рет бес науқасқа жүректің коронарлық артерияларын стенттеу отасы жүргізілді. Түркістан қалалық орталық ауруханасының дәрігерлері жүректің ишемиялық ауруларын диагностикалаудың алтын стандартын яғни, коронарографиялық зерттеу әдісін қолданысқа енгізді.

ШЫМКЕНТТЕ 2023 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА 559 МЫҢ ШАРШЫ МЕТРДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жүнісбеков Нұрбол Әбдірахманұлы баспасөз конференцияда айтты.

«Қала аумағында биыл жалпы 1 074 362 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға қабылдау жоспарланған. Ал 9 айдың қорытындысы бойынша 559,063 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берлді. Оның ішінде 186 343 шаршы метрі жеке инвесторлар тарапынан, 42 100 шаршы метрі қалалық құрылыс басқармасы және 161 400 шаршы метрі жеке құрылыс есебінен (ИЖС)», - деді басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша, жергілікті атқарушы орган 9 компанияға үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берген. Олар: «ЮГ СТРОЙ ИНВЕСТ» ЖШС, «SOUTH KAZAKHSTAN CONSTRACTION» ЖШС, «Берен» ЖШС, «Жас Отау» ЖШС, «Алтын Лэнд» ЖШС, «Шаңырақ» ЖШС, А.Р.Т. Құрылыс»,«OKS-Модерн сити», «PRIME PARK» ЖШС.

Ал қалған 515 937 шаршы метр тұрғын үйді жыл соңына дейін қабылдау жоспарда бар.

Сонымен қатар, жүргізілгенмониторингжұмыстарыныңнәтижесінде 2023 жылдың 9 айында 350-гежуықзаңсызқұрылыснысаныанықталған. Анықталған заңсыздықтарға тиісті шара қолдану үшін, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хат жолданған. Жолданған хаттардың негізінде құзырлы мекеме тарапынан тиісті шешім қабылданып, 177 құрылыс нысаны бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 802 бабына сәйкес, 87 837 675 тг. айыппұл салынған.

Заңсыз деп танылған құрылыс нысандарының басым көпшілігі коммерциялық, қосымша құрылыстар және т.б. нысандар. Бұл нысандардың заңсыз құрылыс деп танылуының ең басты себебі – құрылыс нысанына сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлемеу және нобайына (эскиз) келісім алмауы.

Қазіргі таңда қаладағы заңсыз құрылыстармен күресу жолдарын оңтайландыру мақсатында, мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған нысандар геоақпараттық порталда кезекші картаға енгізілуде.

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН ҮШ КҮНДІК СЕМИНАР ӨТТІ

«Бүгінгі медиа. Дәстүрлі БАҚ-тың дамуы. Журналистикадағы тіл тазалығы. Шымкентте қалалық Ішкі Саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Серпіліс» қоғамдық қоры ұйымдастырған БАҚ өкілдері арасында өткен үш күндік семинар-тренингте осы тақырыптар қозғалды.

«Бүгінгі медиа: біліктілік және қоғаммен байланыс» тақырыбында өткен семинарға елімізге белгілі журналистер, баспасөз хатшылары, баспа және телевизия саласындағы тәжірибелі мамандар мен жас журналистер қатысты. Сонымен қатар, басқосуға Түркістан, Жамбыл облыстарында журналистика саласында еңбек етіп жүрген мамандар да шақырылды.

Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – жас журналистердің біліктілігін арттыру, қоғаммен байланыс орнатудың тиімді жолдарын көрсету,- деп атап өтті шараны ұйымдастырушы журналист Бейсенкүл Нарымбетова.

«Бүгінгі қазақ баспасөзі: Ұлттың идея және тіл тазалығы» жайында белгілі журналист Ғалымжан Елшібай, «Заманауи коммуникация құралдарының дамуы және оның дәстүрлі БАҚ- қа ықпалы» тақырыбында спикер Данияр Алан баяндама жасаса, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мира Сүлейменова қоғаммен байланыстағы тәжірибесімен бөлісті.

Бүгінгі таңда қазақ журналистикасында тіл тазалығы мәселесі жиі айтылады. Бұл бойынша Шымкент қалалық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі, тіл жанашыры Қабыл Дүйсенби өз ойымен бөлісті. Іс-шара аясында білікті БАҚ өкілдері жас журналистерге теориялық және практикалық тұрғыда шеберлік сабақтарын өтіп, диалог алаңында еркін пікір алмасты. Сонымен бірге түрлі ойындар ұйымдастырылып, жас журналистердің тапқырылығы мен ұшқырлығы да сынға түсті.

Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы контентпен қамтамасыз етуде мұндай семинарлардың жас журналистерге берері мол деп айта аламыз.

 

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

XIX Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың бапкерлерін марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, мәслихат депутаттары, спорт мектебі басшылары қатысты.

Шаһарда қала әкімдігі тарапынан спорт саласына әрдайым қолдау көрсетілуде. Осындай қолдаудың нәтижесінде шымкенттік спортшылар Жазғы Азия ойындарында жарқын жеңіске жетті. Ханчжоуда (Қытай) өткен бәсекеде қала спортшылары 5 алтын, 10 күміс, 11 қола медальға ие болды.

Қала әкімі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және олардың бапкерлерін құттықтап, спорт саласының дамуына барлық жағдай жасалатынын атап өтті.

– Мемлекет басшысы елімізде спорттың дамуына айрықша назар аударып отыр. Мінекей, осы бағытта атқарылған жұмыстың нәтижесінде жоғары жетістіктерге қол жеткіздік. Кезекті Жазғы Азия ойындарында сіздер намысты қолдан бермей, биік белестерді бағындыруға деген құлшыныстарыңызды көрсеттіңіздер. Бұл ретте бапкерлердің еңбегі ерен. Қалада спорт инфрақұрылымын дамытуда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады, – деді қала әкімі.

Ғабит Әбдімәжитұлы спортшылар мен бапкерлерге Алғыс хат және қаржылай сертификаттарды табыс етті. Шаһар басшысы спортшыларға алдағы Олимпиада ойындарында сәттілік тіледі.

Жазғы Азия ойындарына Шымкент қаласы республикалық мәртебе алғаннан кейін алғаш рет дербес команда рет қатысты. Жергілікті спортшылар Олимпиада Ойындарына лицензияларды жеңіп алу үшін түрлі халықаралық жарыстарда бақ сынайтын болады.

Төрт жылда бір рет ұйымдастырылған жарысқа еліміздің атынан 524 атлет қатысты. Олар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін бақ сынасты. Бұл дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысып тұр.

Байрақты бәсекеде құрлық чемпионы атағымен қатар, спорттың 8 түрінен Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынды.

Шымкент қаласынан 33 спорт түрінен 64 спортшы Азия ойындарына қатысты. Олардың қатарында Әлем және Азия чемпиондары бар.

 

 

 

 

 

ШЫМКЕНТ: “КҮМІС ҚАЛАМ-2023” ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Күміс қалам 2023». Шымкентте  республикалық жас ақындар мүшайрасы өтті.  Оған еліміздің түпкір-түпкірінен қаламы ұшқыр 16 жас жазба ақыны қатысты.  Шара Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 25-қазан – Республика күніне орай орайластырылды. Үшінші рет ұйымдастырылып отырған поэзиялық кеш - жастардың ынтасын арттырып, ақындардың шабытын ашуға зор мүмкіндік береді.

Кешті ашып беруге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов арнайы келіп, барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, үлкен додада бақ сынасқалы келген жас қаламгерлерге сәттілік тіледі.

Осымен үшінші рет өткізіліп отырған жас ақындар  мүшайрасы - Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының төл жобасы. Мақсат жас жазба ақындарын қолдап, оларды халықаралық жыр додаларына қосу дейді ұйымдастырушылар.

Бекітілген кестеге сәйкес 14 пен 35 жасқа дейінгі жастар қатарынан іріктеу кезеңіне 16 жас ақын жолдама алған. Олар 4 кезең бойынша бақ сынады.

I орын “Күміс қалам-2023” жас ақындар мүшәйрасының иегері Ұлытау облысынан Айзада Рахымжан, II орынды Жадыра Байбуланова, III орынды Серғазы Қайырболды иеленді.

Іс шараның екінші бөлімі «Күміс домбыра» жас айтыскерлер додасы. Жыр додасына еліміздің әр өңірінен жиналған 16 айтыскер ақын қатысты. Тәуелсіздікті тірек еткен жыр додасына белгілі айтыскер ақындар мен мәдениет саласының мамандары әділ бағасын беріп, қазылық етуде. Атап өтсек, айтыстың ақтаңгері атанған Бекарыс Шойбеков, Маржан Есжанова, Күлия Айдарбекова, Ахметжан Өзбеков, Еркебұлан Қайназаров сынды азаматтар қазылар алқасы құрамында болды.

Жыр додасында жас ақындар қоғамдағы өзекті тақырыптарды қозғап, көрерменді ұшқыр ой, ұрымтал шумақтарымен тамсандырды.

Айтыстың ақтық кезеңіне жолдама алған үш жұп суырып алып, шаппа-шап айтыс көрсетіп, көрермен қауымның қошеметіне бөленді.

Айтыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов марапаттап, ұлттық өнерімізді ұлықтап, тамаша айтыс көрсеткен өнерпаздарға алғысын білдірді.

Сонымен, әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІІ орынды Ердаулет Ыбырай мен Нұрдаулет Өмірбекке, ІІ орын Жамбыл облысының өкілі Мұхтар Қонарбай мен түркістандық ақын Ахметрасул Баянбайға, ал, І орын Баянауылдан келген Мәрес Байронға берілді. «Күміс қалам» айтысының бас жүлдесін Шымкент қаласының өкілі Аян Ниязбек жеңіп алды.

 

 

ШЫМКЕНТ:БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып Жүнісбеков Нұрбол Әбдірахманұлы тағайындалды.

Нұрбол Әбдірахманұлы 1985 жылы 15 қыркүйекте Сайрам ауданында дүниеге келген.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі - жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру инженері, заңгер.

Еңбек жолын 2009 жылы Шымкент қаласының жер кадастры филиалында инженер жерге орналастырушы болып бастаған. 2012 жылы «Жер ҒӨО» ОҚО еншілес мемлекеттік кәсіпорынның сектор бастығы, 2014 жылы «Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Шымкент қалалық бөлімшесінің жерге орналастыруды жүргізу секторының инженер-жерге орналастырушысы, 2015 жылы «Жер кадастры ҒӨО» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Шымкент қалалық бөлімшесі жерге орналастыруды жүргізу секторының басшысы, 2016 жылы «Азаматтарға арналған Үкімет» МКК АҚ ОҚО бойынша филиалы «Жер ҒӨО» департаменті Сайрам аудандық бөлімше басшысының орынбасары, одан соң бөлім басшысының орынбасары, ал 2018 жылы «Азаматтарға арналған Үкімет» МКК АҚ-ның Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Түркістан қаласы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Соңғы жылдары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы міндетін уақытша атқарушы қызметтерін атқарып келген.

Сауранда «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың тапсырмасына сәйкес "Сауран - Жібек жолының жауһары" атты баспасөз туры өтті. Оған облыстық телеарна мен басылым журналистері қатысты. Баспасөз туры аудандағы туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылды.