Бейсенбі, 26 Қазан 2023 15:41

Түркістанда түркі мемлекеттерінің бағалаушылар бірлестіктерінің кеңесі құрылды

Түркістан қаласында өткен Орталық Азия және Түркі әлемі бағалаушыларының халықаралық форумында Түркі мемлекеттерінің бағалаушылар бірлестіктерінің кеңесі (ТМББҚ) құрылды. Халықаралық ұйымның құрылғаны туралы маңызды құжатына Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың сенат залында қол қойылды.

Форумның ашылу салтанатында «Қазақ­станның бағалаушылар достастығы» өзін-өзі реттейтін ұйымы, бағалаушылар пала­та­сының басқарма төрағасы Асқар Омар­беков халықаралық форумының мақсаты – іскерлік ынтымақтастықты нығайту, баға­лау қызметінде де түркітілдес мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету екенін атап өтті. «Тарихи тамыр­ластықты нығайта түсу үшін түркі мем­лекеттері бағалаушы палаталарымен іскер­лік байланысты нығайту туралы шешімге келдік. Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітіл­дес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы ретінде ресми түрде жариялағаны баршаға мә­лім. Сондықтан киелі қаланың тарихи маңы­зын ескере отырып, форумды қасиетті Түр­кістанда өткізуді жөн санадық», деді Асқар Омарбеков.

Атап айтсақ, жиында ТМББҚ-ны құру туралы құжатқа Қазақстанның атынан «Қазақстанның бағалаушылар достастығы» өзін-өзі реттейтін ұйымы, Бағалаушылар палатасының Басқарма төрағасы Асқар Омарбеков, Түркия атынан Түркия бағалаушылар бірлестігінің Басқарма төрағасы Яшар Бахшеджи, «Өзбекстан бағалаушылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Наргиза Мирзарахимова, «Әзірбайжан бағалаушылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Орудж Вугар Аловсат оглы және Қырғызстаннан Советбек Закиров («Қырғыз бағалаушылар бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы) қол қойды. Сонымен бірге аталған халықаралық кеңестің жарғысы да бірауыздан бекітіліп, қол қойылып, ресімделді.

Халықаралық кеңестің жұмысы осы кеңеске мүше елдердің мемлекеттік тілдерінде жүргізіледі және ортақ тіл ретінде ағылшын тілі таңдалып алынды. Енді түркі елдерінің бағалаушы мекемелері, ұйымдары, сарапшылары, мамандары өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.

Түркі мемлекеттерінің бағалаушылар бірлестіктерінің кеңесін құру бойынша жұмыс алты ай бойы жүргізілді. Осы уақыт ішінде қол қоюшы елдердің бағалау бірлестіктері басшыларының екі кездесуі онлайн режимде өткізілген. Баку қаласында офлайн режимде бір кездесу ұйымдастырылып, онда құрылтай құжаттарының мәтіндері, құрылатын халықаралық ұйымның даму стратегиялары мен жоспарлары, оның ішінде бағалау қызметінің өзекті мәселелері талқыланып, кейбір тұстары түзетілген.– Осы маңызды құжатқа Түркістанда қол қойылып отыр. Бұл бәріміз үшін және Түркістан өңірі үшін тарихи оқиғалардың бірі деуге болады, – дейді форумға қатысушылар.

Түркі әлемінің тарихи және мәдени мұрасын, түркі мемлекеттерімен ынтымақтастық қатынастың артып келе жатқанын ескере отырып, түркі мемлекет­тері бағалаушы палаталарының тығыз және үйлестірілген өзара іс-қимылы туралы пікір туындаған. Түркі мемлекеттерінің ын­ты­­мақтастығы мәселелерінің жандануы­на – Түркі мемлекеттері ұйымын құру­ға бай­ла­нысты оның шеңберінде Түркі мем­ле­кет­терінің банктік қауымдастықтары кеңесі құрылды. Басқарма төрағасының айтуынша, біртұтас саясаттың қалыптасу үрдісін ескере отырып, кәсіби қызметтің жаңа субъектісін – Түркі бағалаушылар кеңесін құру туралы тұжырым жасалған. Түркі бағалаушылар кеңесінің қызметі түркі мемлекеттерінің бағалаушылар палаталары мен оларға мүше ұйымдар арасындағы өз­ара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталатын болады. «Түркі бағалаушы­лар кеңесін құру және оның қызметі еліміз­де және жалпы өңірде бағалау қызметін дамыту үшін тағы бір қадам болмақ. Инвестиция­лық жобаларда және кәсіпкерлік субъектіле­рін дамытуда маңызды рөл атқаратын баға­лау қызметі­нің ерекшелігін ескере отырып, сондай-ақ серпінді дамып келе жатқан мамандық бола отырып, біздің еліміздің кәсіби бағалаушылар қоғамдастығы үкімет алдына қойылған міндеттерді іске асыру бойынша күш-жігерін жұмсайтыны және кәсіпкерлікке кәсіби қолдау көрсететіні сөзсіз», дейді басқарма төрағасы. Ал Қар­жы министрлігіне қарасты департамент дирек­торының орынбасары Бекзат Айқымбаева бағалаушылардың қоғамдағы орнына тоқ­талып, бұл саланың аса маңызды әрі жауап­ты қызмет екенін жеткізді.

Сондай-ақ форумда Түркі мемлекеттері­нің бағалаушылар бірлестіктерінің кеңесі құрылып, халықаралық ұйымның құрылғаны туралы маңызды құжатқа Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың сенат залында қол қойылды. Кеңесті құру туралы құжатқа Қазақ­станның атынан «Қазақстанның баға­лау­шылар достастығы» өзін-өзі реттейтін ұйымы, бағалаушылар палатасының бас­қарма төрағасы Асқар Омарбеков, Түркия атынан Түркия бағалаушылар бірлес­тігінің басқарма төрағасы Яшар Бахшеджи, «Өзбекстан бағалаушылар қоғамы» қоғам­дық бірлестігінің төрайымы Наргиза Мир­зарахимова, «Әзербайжан бағалаушылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Орудж Вугар Аловсат оглы және Қырғызстаннан «Қырғыз бағалаушылар бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің басқар­ма төрағасы Советбек Закиров қол қой­ды. Халықаралық кеңестің жарғысы да бірауыздан бекітіліп, ресімделді. Халық­аралық кеңестің жұмысы осы кеңеске мүше елдердің мемлекеттік тілдерінде жүр­гізіледі және ортақ тіл ретінде ағылшын тілі таңдалып алынды. Енді түркі елдерінің бағалаушы мекемелері, ұйымдары, сарапшылары, мамандары өзара тығыз байла­ныста жұмыс істейді. Түркі мемлекеттерінің бағалаушылар бірлестіктерінің кеңесін құру бойынша жұмыс алты ай бойы жүргізіл­ген. Осы уақыт ішінде қол қоюшы елдердің бағалау бірлестіктері басшыларының екі кездесуі онлайн режімде өткізілген. Баку қаласында офлайн режімде бір кездесу ұйымдастырылып, онда құрылтай құжат­тарының мәтіндері, құрылатын халықаралық ұйымның даму стратегиялары мен жоспарлары, оның ішінде бағалау қызметінің өзек­ті мәселелері талқыланып, кейбір тұстары түзетілген. Форумға қатысушылар маңызды құжатқа Түркістанда қол қойылуын тарихи оқиғалардың бірі ретінде атады.

Айта кетелік, «Қазақстанның бағалау­шылар достастығы» өзін-өзі реттейтін ұйымы, бағалаушылар палатасы ұйым­дас­тырған халықаралық форумға Түркістан облысының әкімдігі мен Қазақстан Рес­пуб­ликасы банктерінің қауымдастығы қол­дау көрсетті. Осылайша, Түркістан қаласы халық­аралық деңгейдегі маңызды бас­қосулар өтетін орталыққа айналып келеді.

 «AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 202 рет