Жұма, 01 Мамыр 2020 17:38

Түркістан облысында карантин режимін бұзған 93 тұрғын қамауға алынды

Түркістан облысының полицейлері төтенше жағдай кезінде күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Осы уақыт аралығында тәртіпке бағынбай, заңға қайшы өрескел әрекет жасаушыларға қатысты 693 әкімшілік іс қозғалған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 206 тұрғынға 5,5 млн теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ, 226 тәртіп бұзушыға ескерту беріліп, 93 азамат әкімшілік қамауға алынған. Қазіргі таңда әкімшілік сотта 168 азаматтың іс қаралу үстінде. Мәселен, құқықбұзушылық жасаған азаматтардың бірі Түркістан қаласындағы асханалардың бірінде азаматтарды тамақтандырып келген. Ал, Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу елді мекенінде орналасқан автокөлік жуу орны да қызмет көрсетіп тұрғаны анықталған.

 

«Аталған жайтқа сәйкес автокөлік жуу орнының иесіне қатысты ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы яғни «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттама толтырылып, сот қарауына жолданды», делінген хабарламада.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.


 

Оқылды 605 рет