Дүйсенбі, 11 Мамыр 2020 13:23

Сарыағашта полицейлер жоғалған 4 жасар қызды тауып, анасына қайтарды

Түркістан облысы полицейлері жоғалған 4 жасар қызды тауып, анасына қайтарды, деп Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

10 мамыр таңғы сағат 10:00 шамасында Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын хабарласып, кішкентай қыздың көше бойында жылап тұрғанын айтады. Тез арада полицейлер айтқан мекенжайға келіп, бір топ адам арасында адасып кетіп, жылап тұрған кішкентай қызды байқайды. Содан қыз балаға келіп, ата-анасының қайда екенін сұрайды. Нақты жауап ала алмаған соң қызды алып, оның ата-анасын іздеуге шығады. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық көшелер мен үйлерді аралап, көршілер мен өтіп бара жатқан адамдардан баласын жоғалтқандар туралы сұрастырды. Осылайша, арада 2 сағатқа жуық уақыт өткенде жоғалған бүлдіршіннің үйін, анасын тауып, кішкентай қызды аман-сау күйінде отбасына қайтарды.

4 жасар қыз есік алдында ойнап жүріп, ауладан шығып кеткен. Үйінен 500-600 метр қашықтыққа дейін алыстап кеткен. Ал, үйіндегілер полицейлерге хабар берместеен, өздерінше іздеуге шыққан. Өз кезегінде қыздың анасы Сарыағаш АПБ полицейлеріне жоғалған қызын табуға көмектескені үшін шынайы алғысын айтып, тәртіп сақшыларының жұмысына табыс тіледі. Сонымен 2 сағат ішінде аудандық полиция қызметкерлері жоғалып кеткен қызды тауып, ата-анасына қайтарды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 562 рет