Түркістан облысы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастамасымен, ішкі істер органдары қатарына үміткерлерді қабылдау үшін «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізіледі. Аталмыш маңызы зор шара ПД жанынан ашылған азаматтарды қабылдау бөлмесінде (фронт-офисте) ұйымдастырылады.
Мұнда кадр мамандары үміткерлермен жеке қабылдау өткізіп, ішкі істер саласына қызметке орналасудың тәртібін түсіндіреді.
Басты мақсат - алдағы уақытта полицей болғысы келген азаматтарға бағыт-бағдар көрсету. Аталған «Ашық есік күні» 2022 жылдың 16-17 тамыз күндері сағат 16:00 -17:00 аралығында өткізілмек.