Жексенбі, 21 Тамыз 2022 03:42

Түркістан: Полиция туралы соңғы жаңалықтарды жылдам жариялайтын «Телеграм арна» іске қосылды!

 

Құрметті желі қолданушылары, облыс тұрғындары және достар!

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың полицияның халықпен тығыз байланыс жасап, ашық, кері байланыста болатын және заманға сай сапалы қызмет етуіне мән беруіне байланысты, ҚР ІІМ М.Ахметжанов цифрландыру мен маңызды әрі соңғы жаңалықтарды жұртшылыққа жеткізіп отыруды, апатты жағдайлардың алдын алу мен ақпараттарды дер кезінде тарату қажеттілігі мақсатында тапсырамалар беруде.

Соның аясында тікелей эфирдегі брифингтер (онда тұрғындар желі арқылы сан түрлі сұрағын қойып, сол мезетте жауап алуда), ашық сұқбаттар, телеарналарға жедел ақпарат беру, орын алған қылмыстар туралы дер кезінде жұртшылыққа хабарлау сынды т.б. жұмыстар атқарылып жатыр.

Ал енді аталған жұмыстарды одан әрі де күшейту мақсатында халықты дер кезінде болып жатқан оқыс оқиғалар, апаттан сақтандыру, заңға енгізілген өзгерістер мен нақты уақыт режимінде полиция қандай жұмыстарды атқаруда, қоғам арасында талқыға түсіп жатқан қай оқиға, себеп-салдарымен күресу секілді сан түрлі жаңалықты бірінші болып жеткізу үшін, арнайы телеграм арнасын іске қосты.

Ондағы ақпарат қысқа да нұсқа, әрі ресми дерек көзінен, шынайы оқиға болған аумақтан беріледі.

Ендеше соңғы жаңалықты біліп отырғыңыз келсе сіз де дереу телеграм арнаға тіркеліңіз!

 

Оқылды 231 рет