Түркістан қаласында «ForteBank»-тың жаңа заманауи ғимараты бой көтереді
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Қуанышевпен және банктің Түркістан қаласы филиалының директоры Зәмзагүл Азатовамен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі қаржылық инфрақұрылымды дамыту және Түркістан қаласында банк филиалының жаңа заманауи ғимаратын салу мәселелері талқыланды.