Түркістан: Мақтааралда халықаралық өндірістік кооперация орталғын құру жұмысы жанданады

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов келіп, "Атамекен" кедендік бекетінің маңында Өзбекстан тарапының өкілдерімен бірлескен жиын өткізді. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков та қатысты.

Түркістан: Шардара және Келес аудандарында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алған

Түркістан облысында атқарылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен инфрақұрылымдық жобалардың сапалы орындалуын бақылау мақсатында облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Шардара және Келес аудандарына барды. Бірқатар әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарының жұмысымен танысып, мердігерлермен кездесті.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі - Түркістанда

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Сапар аясында ол «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының ғимаратында өңірдегі су шаруашылығына жауапты мамандармен және жергілікті билік өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Түкістан облысында сарымсақ өндірісі қолға алынбақ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация мүшелері Қытай еліне жұмыс сапарын Шаньдун провинциясының Цзинин қаласында жалғастырды. Сапар барысында сарымсақ өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшы саналатын «Wanglin Group» компаниясының басшысымен маңызды кездесулер өтіп, стратегиялық әріптестік туралы келіссөздер жүргізілді.

Түркістан облысындағы қонақүйлердің қызмет сапасы жақсарған

 Түркістан облысы туризм саласында үлкен әлеуетке ие. Өңірге келушілер саны жыл сайын артып келеді. Түркістан қаласының Қазақстандағы және Орталық Азиядағы тарихи әрі рухани орталық ретіндегі мәртебесі ішкі және халықаралық туристер үшін ерекше қызығушылық тудыруда.

Түркістандықтардың мұң-мұқтаждары тыңдалды

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев кезекті жеке қабылдауын өткізді. Өзі жетекшілік ететін білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік салалар бойынша шағымдарға назар салды.