Жексенбі, 14 Сәуір 2024 11:47

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 40 МЫҢ БАС ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ЖӘНЕ ҚАҢҒЫБАС ЖАНУАРЛАРДЫ АУЛАУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Қала аумағындағы жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы 240 255 бас ауыл шаруашылығы жануарларына диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 1 422 815 бас ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық екпе егу жұмыстары жоспарлануда. Бұл туралы баспасөз брифингінде Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Мекамбаев мәлімдеді.

Талғат Мекамбаевтың сөзінше, нәтижесінде 2024 жылы 40 000 бас қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауды, 15 000 бас агрессивті және емделмейтін аулармен ауыратын ит-мысықтар тыйым салынбаған препараттармен (эвтаназиямен) жансыздандыру және 25 000 бас қаңғыбас жануарларды кастрация-стерилизациялау жұмыстарын жүргізілетін болады.

Осы тұста айта кететіні, Шымкентте қаңғыбас ит-мысықтарды аулау бойынша айына 400-ге жуық шақырту түседі. Ал оларды аулау жұмысымен тек 4 бригада айналысады. Жауаптылар мұның жеткіліксіз екенін айтады. Қазір қаңғыбас жануарлар көбейіп, тіпті тәлімбаққа сыймай жатқан көрінеді.

 

Осы орайда Шымкенттің мыңнан астам қаңғыбас мысықтары мен иттеріне арналған жаңа тәлімбақ өз жұмысын бастамақ. . Жаңа ғимарат заманауи жабдықтарды орнатқаннан кейін пайдалануға беріледі. Жаңа тәлімбақ - 769 млн тенгеге салынған. Онда жануарларды тек тексеріп қана қоймай, күрделі ауруларын емдеуге болады. Жақында Шымкентте жануарларды зарарсыздандыру және чиптеу басталады.

 

Айта кетейік, сәуір айы басталғалы Шымкентте 4 жануардан құтыру белгісі анықталған. Оның екеуі өз иесін тістеген. Абырой болғанда аталған ауру тұрғындарға кері әсерін тигізбеген. Алайда қалада ит пен мысықтан зардап шеккендер саны азаймай тұр. 

 

Оқылды 76 рет