– Өңірде әсем ғимараттар бой көтеруде. Мәселен, әрбір аудан-ауылға барсақ мектеп, аурухана салынып жатқанын көреміз. Сол ғимараттарды, білім ұяларын және әлеуметтік нысандарды сапалы интернетпен қамту жұмысын күшейту керек. Көрші елмен шекаралас аудандарды интернетпен қамтуға басымдық берілгені дұрыс. Ақпараттық қауіпсіздік әрі аймақтың дамуы үшін маңызды. Байланыс операторларымен, осы салаға қатысты инвесторлармен тұрақты байланыс орнатып, жұмысты жалғастырыңыздар, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Жиында Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов баяндама жасады. Оның айтуынша, 2023 жылы ұялы байланыс операторлары арасында келіссөздер жүргізіліп нәтижесінде 32 елді мекенге жаңа базалық станция орнатылып, 62 ауылдық елді мекеннің қолданыстағы базалық станциялаларына жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Жоспардың орындалуы 107% құрап отыр.
Бүгінде орталық атқарушы органдармен 2023-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы әзірленуде. Облыс бойынша негізгі іс-шаралар жоспары айқындалды. Атап айтсақ, талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы ауылдық елді мекендерді қолжетімділікпен қамту, республикалық және негізгі облыстық жолдарды 4G технологиялары мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету, «Соңғы мильді» субсидиялау арқылы интернетті ауылдық елді мекендердегі үй-шаруашылығына дейін жеткізу және 5G желісін енгізу мәселелері қарастырылған.
Түркістан облысы елді мекендерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жол картасы әзірленген. Қазіргі таңда байланыс операторлары өз тарапынан 96 ауылдық елді мекенге жаңа базалық станция орнату жоспарланған. Бұдан бөлек, 113 ауылдық елді мекенде жаңа базалық станция орнатылады. Сонымен қоса, 70 ауылдық елді мекенде орнатылған базалық станцияларды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.
Бұдан бөлек, өңірлік байланыс инспекциясымен бірлесіп тұрғындардан түскен арыз-шағымдарға қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысында 361294 үй шаруашылығы бар. Оның 68 646-сы, яғни 19%-ы сапалы талшықты интернетпен қамтылған. Облыс тұрғындарын үй жағдайындағы жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамту мақсатында операторлардың серіктестері тарапынан 2023-2024 жылдарға салынған инвестициялар көлемі жалпы 1,64 млрд. теңгені құрайды. Түркістан қаласы тұрғындарын жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық интернет желісімен толықтай қамтамасыз ету үшін «Қазақтелеком» АҚ 1 млрд. теңге инвестиция салып, жалпы 91 үйге интернетпен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысы әкімдігіне қарасты 900-ден астам мемлекеттік мектептің барлығы техникалық мүмкіндігіне қарай интернет желісімен қамтылған. Оның ішінде 464 мектеп талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы интернет желісімен қамтылса, 295 мектеп шекара маңында және таулы аумақтарда орналасуына байланысты радиокөпір технологиясы арқылы интернет желісіне қосылған. 149 мектеп төмен жылдамдықты желісімен қамтылған. 2023 жылы басқарма тарапынан байланыс операторларымен келіссөздер жүргізіліп, облыс бойынша 84 мектепті жоғары жылдамдықты оптикаға ауыстыру мақсатында жоспар дайындалды. Қазіргі уақытта жоспар бойынша «Қазақтелеком» АҚ тарапынан 56 мектеп, «Транстелеком» АҚ тарапынан 28 мектеп оптикаға ауыстырылды.
Жиын соңында облыс әкімі Дархан Сатыбалды халықты интернетпен қамту деңгейін арттыру қажеттігін айтып, әрбір аудан, ауылдағы байланыс сапасы назарға алынып, жылдам ғаламтормен қамтамасыз ету жұмысын жандандыруды тапсырды.
Түркістан облысының елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатында жол картасы 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді. Жол картасына сәйкес, облыс аумағындағы 203 елді мекенде (халық саны 250+) жаңа базалық станциялар орнатылады және 74 елді мекенде орнатылған ұялы байланыс операторларының базалық станциясына жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.
Бүгінде сапалы интернет дүйім жұрттың маңызды мәселесіне айналып отыр. Әсіресе кейбір ауылды аймақтарда кең жолақты интернет жүйесі атымен ұстамайды. Алайда ауылшаруашылығы мол білімді, көп күш жігерді талап ететінін мойындау керек. Интернет жүйесі қолжетімді болған жерде адамдардың көзі ашық көкірегі ояу. Қоғамның дамуы мен ел экономикасы жөнді жолға қойылуы үшін кең жолақты сапалы интернет болуы маңызды. Бүгінгі таңда сапалы интернет көзі білімнің кілтіне айналғандай. Онлайн-оқу, телемедицина, eGov, zoom, Smart TV деген заманауи қызмет түрлері «Қазақтелекомның» жоғары жылдамдықты интернеті келгелі ауыл тұрғындары үшін өмірінің бір бөлігіне айнала бастады. Елімізде індет ауруы жайлаған кезеңдерде онлайн оқу жүйесі қолға алынған болатын. Міне сол кезеңдер көптеген адамдардың жүйкесін тоздырғаны хақ. Осы кең жолақты интернет жүцесі бойынша Түркістан облысында цифрландыру бағытында түрлі жобалар жүзеге асып келеді. Сонымен қатар облыс аумағында жалпы 831 елді мекен бар екендігі анықталды. Оның ішінде 824 ауылдық елді мекен және 7 қала Түркістан, Кентау, Арыс, Жетісай, Шардара, Ленгер, Сарыағаш бар. Талдау нәтижелері бойынша 654 ауылдық елді мекенде 1 942 542 тұрғын 3G (437 АЕМ) және 4G (217 АЕМ) мобильді интернет желісімен қамтылып, облыс халқының санына шаққанда интернетпен қамтылу деңгейі 93% құрайды. Қалған 145 968 тұрғыны бар 177 ауылдық елді мекенде интернет жоқ, ол дегеніміз 7% құрайды. Интернетпен қамтылмаған 177 АЕМ-нің 115 АЕМ 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған, қалған 62 АЕМ-де байланыс мүлде жоқ.
Аталған 62 АЕМ-нің 43 АЕМ Министрлік қойған критерийлерде халық саны 250 астам болуы қажет деп көрсетілген. Халық санының сәйкес келмеуіне байланысты ұялы байланыс операторлары базалық станция орнатудан бас тартуда. Қалған 19 АЕМ алдағы жылдарға ұялы байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелеріне енгізу пысықталуда. Жалпы Түркістан облысы бойынша сапалы интернетпен қамтуды қажет ететін, бірақ техникалық мүмкіндігі жоқ 134 АЕМ бар. Қазіргі уақытта осы елді мекендерді сапалы интернетпен қамту мақсатында салалық министрлікпен және Түркістан облысы әкімдігі арасында жол картасын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Күтілетін нәтиже 2023-2027 жылдар арасында облыс тұрғындарын сапалы интернетпен қамту деңгейі 99,8% жетеді. Қалған 0,16% құрайтын 3403 тұрғыны бар халық саны 250-ден кем 43 АЕМ-ге тиесілі.
Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша 3G стандартын қолдайтын 437 АЕМ-нің (халық саны 1 015 047) базалық станцияларын 2023-2029 жылдар аралығында 4G стандартына модернизациялау жоспарлануда. Қазіргі таңда орталық атқарушы органдармен «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы 2023-2027 жылдар аралығына әзірленуде. Облыс бойынша негізгі іс-шаралар жоспары айқындалды. Олар: Талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы (бұдан әрі-ТОБЖ) АЕМ-де қолжетімділікпен қамту. Іске асыру мерзімі: 2027 жыл. Қазіргі уақытта облыс бойынша 376 АЕМ-де 855 мемлекеттік мекеме ТОБЖ қамтылған. Қосымша, Ұлттық жобаға 389 АЕМ-де 758 мемлекеттік мекеме ұсынылды Министрлікпен айқындалған критерийлерге сәйкес кемінде екі әлеуметтік нысан болуы қажет. Республикалық және негізгі облыстық жолдарды 4G технологиялары мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету, және бұл жобаның іске асу мерзімі 2027 жыл болып табылады.
Халықаралық маңызы бар 294 шақырым жол;
-Республикалық маңызы бар 429 шақырым жол;
-Облыстық маңызы бар 4014 шақырым жол торабы (жалпы: 4737 шақырым жол) жобаға ұсынылды.
Туристік аймақтарды мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуді іске асыру мерзімі 2027 жылға барады.
Түркістан облысына қарасты ұлттық табиғи саябақтары:
-Төлеби ауданы: Сайрамсу, Қасқасу, Біркөлік, Турбаза, шатқалдары.
-Түлкібас ауданы: Машат, Көкбұлақ, Өгем шатқалдары.
«Соңғы мильді» субсидиялау арқылы интернетті АЕМ-дегі үйшаруашылығына дейін жеткізу. Іске асыру мерзімі: 2027 жыл.
Түркістан қаласының бүкіл тарихи әрі маңызды орталығын қамтитын 9 сыртқы 5G базалық станциялары орнатылды. Түркістан қаласы әкімдігі, «Конгресс Холл» сарайы, «Түркістан Арена» стадионы, автовокзал, «Фараб» кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы, Керуен сарай, Түркістан қаласы әуе жайы, «Rixos» қонақ үйі сияқты маңызды туристік нысандарда бесінші буынды 5G мобильді интернеті іске қосылған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат