Сенбі, 13 Сәуір 2024 19:40

Түркістан облысы: Түлкібасты дамыту барысындағы кемшіліктер ашық айтылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауанына жұмыс сапарымен барып, мәжіліс өткізді. Жиында Түлкібас ауданын дамыту жолдары қаралды. Өткен жылы атқарылған жұмыстар сараланып, кемшіліктер де ашық айтылды. Олқылыққа жол берген жауапты тұлғаларға сын-ескертпе айтылып, жұмысты ширату жөнінде тапсырма берілді.

– Ауданда шешімін таппаған мәселелер бар. Экономикалық, әлеуметтік салалар, сондай-ақ, инфрақұрылымды реттеу, елді мекендерді абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды ширату қажет. Түлкібас ауданының 2023 жылғы негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша арнайы меморандум жасалған болатын. Жоспардағы 15 көрсеткіштің 10-ы ғана орындалған. Қалғандарын да назарға алыңыздар. Ауданда инвестиция тарту, туризмді дамыту, ауыл шаруашылығы саласын көтеру бағытында жұмысты ширатыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.

Актив отырысында Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов аудандағы жұмыстарды зерделеу нәтижесін баяндады.

Ауданда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің орындалуы 20 млрд. теңге немесе 85 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі 2023 жылы 61,2 млрд. теңге болды.Мәжілісте индустриалды аймақтың жұмысын күшейту, инвесторларға жағдай жасау, өндіріс орындары мен кәсіпорындар ашу және өзге де салаларды дамыту жөнінде тапсырмалар берілді.

Қыс мезгілінде «Алматы-Ташкент-Термез» бағытындағы республикалық маңызы бар жол мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолы және облыстық маңызыбар «Кемербастау-Елтай-Жабағылы-Абайыл-Ақбиік» жолдары ауа райының қолайсыздығынан үнемі жабылады. Осының салдарынан жүздеген көлік пен жолаушы жолда қалады. Осы мәселені шешу үшін «Қазавтожол» мекемесіне де ұсыныстар айтылды.

Аудан көлемінде 3 062 гектар алма бау бар, оның ішінде 664 гектар қарқынды бау өнімділігі гектарына 200-250 центнер, ал бұрын егілген баулардың өнімділігі гектарына 100-120 центнерді құрауда. Түлкібас ауданының брендіне айналған алма бау өнімдерін жинау жұмыстары аяқталып, нәтижесінде 32000 тонна өнім жиналды (2021 жылы 29 000 тонна өнім жиналған). 2023 жылы 3,2 млрд. теңгені құрайтын 5 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда, нәтижесінде  67 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Ауыл-аманаты» бағдарламасын іске асыруда 4 ауылдық округ бойынша: Мичурин ауылдық округінде 2 бағыт (өсімдік шаруашылығы (құлпынай өндіру), мал шарушылығын дамыту (сүт өндіру)), Балықты ауылдық округінде 3 бағыт (балық шаруашылығы, құс шарушылығы, мал шарушылығын дамыту (сүт өндіру)), Жаскешу ауылдық округінде 4 бағыт (мал шарушылығын дамыту, (мал бордақылау), өсімдік шаруашылығын дамыту (Үй іргесіндегі жерді игеру), балық шаруашылығы, ара шаруашылығы)), Кемербастау ауылдық округінде 3 бағыт (мал шарушылығын дамыту, (мал бордақылау және сүт өндіру), өсімдік шаруашылығын дамыту (Үй іргесіндегі жерді игеру), құс шаруашылығы)), таңдалып, 4 ауылдық округте 5 кооператив құрылған.

Туризм саласында 36 туристік нысан (6 балалар сауықтыру лагері, 19 туристік аймақтар мен туристік базалар, 2 емдік сауықтыру орталығы, 3 қонақ үй, 2 жол бойы қызмет көрсету орталығы, 4 киелі аймақ,) жұмыс жасайды, оның ішінде; орналастыру орындары 20 бірлік, бөлмелер саны 340 бірлік, төсек орын саны 2399 бірлікті құрап отыр.

Осы орналастыру орындары 211,1 млн. теңгеге 12 715 туристке қызмет көрсеткен. Алдағы 3 жылда туризм саласы бойынша жалпы құны 1,2 млрд. теңгелік  5 жобаны іске асыру жоспарлануда, нәтижесінде 62 жаңа жұмыс орындары құрылып, төсекорын саны 200 бірлікке  артатын болады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 900-ге жуық жұмыс орындары ашылды.

Жалпы тұрғындардың 46 мыңы экономикалық тұрғыдан белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 44 мыңға жуық адам.

Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап отыр (2022 жылы -5,2%).

Аз қамтылған 1076 отбасы, 6076 адамға 468,7 млн. теңге (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек төленді, оның ішінде 510 адам жұмыспен қамтылды.

2023 жылдың жоспары 526,1 млн теңге болса,  4 айында аз қамтылған 722 отбасы, 4142 адамға 153,7 млн. теңге (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек төленді, оның ішінде 315 адам жұмыспен қамтылды.

Бұл көрсеткішті төмендетіп, халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Спорт және мәдениет саласы бойынша аудандағы 8 спорт мекемесінде 20 түрімен 4144 оқушы қамтылып, тұрақты түрде спортпен шұғылдануда (41498 адам) немесе 39,0 пайыз құрайды.

Демеушілер есебінен: Ұрбұлақ, Ынтымақ, Керейт, Шұқырбұлақ елді мекендерінде футбол алаңшаларының құрылыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Азаттық ауылындағы Жаңа құрылыс көшесінде жабық спорт алаңшасы, Майтөбе, Керейт елді мекендерінде футбол алаңшасының, Көктерек елді мекенінде спорт залдың құрылыстары жүргізілуде.

Шақпақ баба ауылына заманауи жаңа спорт мектебін салуға халық тарапынан ұсыныс түсуде (жалпы алаңы 25771 ш.м.).

Ауданда 1 аудандық мәдениет үйі, 9 ауылдық мәдениет үйлері, 19 ауылдық клубы, 2 аудандық кітапхана және 25 ауылдық кітапхана, барлығы 56 мәдениет мекемесі аудан халқына қызмет көрсетеді.

«Ауыл- Ел бесігі» бағдарламасына енгізуге төмендегі 3 нысан бойынша 2023 жылы республикалық бюджетке қаржы бөлуге ұсыныс берілді:

Құлан ауылында құны 497,0 млн. теңгеге 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы (халық саны 1501);

Даубаба ауылында құны 262,6 млн. теңгеге 100 орындық клуб ғимаратының құрылысы (халық саны 974);

Ынтымақ ауылында құны 553,2 млн. теңгеге 200 орындық клуб ғимаратының құрылысы (халық саны 1685).

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 52 рет