Бейсенбі, 11 Сәуір 2024 23:05

Дархан Сатыбалды: «Тұрғындар мәселесі заң аясында шешімін табуы тиіс»

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тұрғындарды жеке қабылдауы Шардара ауданында жалғасты. Жұмыс сапарымен барған өңір басшысы «Ашық есік күніне» келген азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес өткен кездесуде тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер қозғалды.

Бірыңғай қабылдауда тұрғындар ауданның дамуына қатысты ұсыныс-тілектерін жеткізсе, енді бірі жеке мәселелерін айта келген. Шардара ауданы бойынша халық саны ең көп орналасқан Алатау батыр ауылдық округінен заманауи үлгідегі спорт кешенін салуды, Қызылқұм ауылдық округіндегі мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуді сұрады. Сонымен қатар тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Келесі сауал балық шаруашылығын қаржыландыру бағытында болды. Жер дауы мәселесі де өзекті болды. Бірі егіндік жер телімін беруді сұраса, енді бірі жайылым жайын айтты. Балалар ойын алаңшасын салып беру, ауыз су тапшылығын шешу, ауданнан перзентхана ашу, сондай-ақ жеке меншікке өтіп кеткен каналдарды мемлекетке қайтару мәселелері көтерілді.

Жалпы қабылдауға құқық қорғау органдарының және жауапты басқарма басшылары қатысты. Мұндай ашық форматтағы жеке қабылдау барлық аудан, қалада тұрақты түрде өткізіліп келеді. Облыс әкімі әрбір мәселе заң аясында қаралатынын, ұсыныс пен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыс жүретінін жеткізді. Сондай-ақ оларға түйткілдердің шешілу реті мен заңдылығы түсіндірілді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікір­ді міне, осы екі ауыз сөзге сый­ды­руға болады. Бізді қуантатыны, ай­тыл­­ған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр. Оған мысалды көптеп келтіруге болады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем­лекеттік институттардың рөлін ны­ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо­стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі­нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу­меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері.

Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікір­ді міне, осы екі ауыз сөзге сый­ды­руға болады. Бізді қуантатыны, ай­тыл­­ған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр. Оған мысалды көптеп келтіруге болады.

Президент өз Жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халыққа әлеуметтік қол­дау көрсетуге, ел аймақтары ара­сын­да­ғы теңсіздікті жоюға және халықты толған­дырып жүрген басқа да мәселелерге ерекше көңіл бөлді. Нақты мысалдар келтіріп, проблемаларды шешудің тиімді жолдарын да ұсынып отыр. Мысалы, «7-20-25» бағдарламасымен пәтер алу үшін көп балалы отбасының айлық табысы 320 мың теңгеден кем болмауы керек. Бұл табысы аз отбасылар пәтерге қол жеткізуі қиын деген сөз. Сондықтан осы жылдан бастап «Бақытты отбасы» атты жаңа бағдарлама ұсынылды. Осы бағдарлама негізінде жыл сайынғы пайыздық үстемақы 2 және бастапқы жарна 10 пайыздан аспайды. Бұл ай са­йынғы төлемнің арзан болуына ықпал етіп, жағдайы орталау отбасылардың бас­паналы болуына жол ашады.

Президент білім беру ісіне мемле­кеттің дамуындағы стратегиялық ма­ңызға ие сала ретінде қарап, оқу­лық­тардың сапасы, қала мен ауыл мек­тептерінің білім берудегі алшақтығы сияқты мәселелерді орынды көтерді. Мем­лекет басшысы білім беру жүйе­сіне кәсіптік бағдарлау саясатын енгізу­ді, сол арқылы оны еңбек нарығының сұра­ныс­тарына бейімдеуді жүктеді. Сон­дай-ақ Президент жас мамандарды ауылға жіберудің тетіктерін ойлас­тыру керек екенін атап өтті. Жоғары ­оқу орындары жұмысының сапасы мен ғылыми-зерттеулердің тиімділі­гін арттыру мәсе­лесін назардан тыс қалдырмады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 115 рет