Сенбі, 20 Сәуір 2024 14:05

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ШЫМКЕНТТІКТЕР ДЕНДРОСАЯБАҚТА 50 - ге ЖУЫҚ АҒАШ ЕКТІ

Бүгін – халықаралық Жер күні. Бұл айтулы дата 2009 жылдың 22 сәуірі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітіліп, 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын атап өтіліп жүр.
Осыған орай Шымкентте «Халықаралық жер күніне» ASA жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оқыту семинары өтті. Оған 40-қа жуық жас қатысты.
Бұл экологиялық мереке қоршаған ортаны қорғауға, жер шарын жасылдандыруға және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттауға арналған.
Семинар да осы бағытта өтті. Онда қатысушылар қоршаған ортаның тазалығы, экологиялық мәселелері және оның алдын алудың жолдары қаралып, ой бөлісті.
Негізі Халықаралық жер күні барлық елдердің жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейдегі ормандар мен ағаштармен байланысты іс-шараларды, мысалы, ағаш отырғызу науқандарын ұйымдастыруға бағытталған шараларға қолдау көрсету мақсатында өткізіліп келеді.
Сондықтан оқыту семинардың да осы аптада басталған «Жасыл аймақ» апталығына сәйкес келіп, оған қатысушылар дендробаққа барып, 50-ге жуық ағаш көшеттерін екті.
ASA жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Данара Саранованың айтуы бойынша Шымкентте аталмыш семинардың бірінші күні өтуде. Кейін басқа қалаларда да жалғасын таппақ.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырған болатын. Шымкенттіктер өз қалаларын көгалдандыруға және оны абаттандыруға белсенді кіріскенін атап өткен дұрыс. Қала әкімдігінің жұмысында қаланы көгалдандыру әрқашан бірінші орында тұр. Бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады.

 

 

Оқылды 56 рет