Жексенбі, 14 Сәуір 2024 15:20

ШЫМКЕНТ: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ ДА ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жалғасы «Шым қала» тарихи-мәдени орынында 300-ден астам қала тұрғындары мен белсенді жастардың, тарихшылар мен этногрофтардың және өнер саласы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

#TazaShym акциясында 30 м3 қоқыс шығарылып, 5 га тарихи-мәдени орын аумағының шөптері орылды. Аумақтағы 5 км аяқжолдар мен арық-атыздар тазаланды.

Сондай-ақ өнер майталмандары мен белсенді жастар көңілді күймен іс шараның көркін қызықтырып, Шымкент қаласының тарихы туралы ой бөлісіп, жастарға ғибратты насихат жүргізілді.

Тазалық акциясына қатысқан тарихшы-шежіреші, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі М.Әбдіәкім тарихи орындарды күтіп ұстау, оны келер ұрпаққа аманаттау ертеңгі жас ұрпаққа қалдырған мол мұра екенін, жастарды қаламызды таза ұстауға шақырса, белсенді жас Д.Ерханова қаламыздың тазалағын сақтау әрбір қала тұрғындарының міндеті екенін, тазалық денсаулық кепілі екенін жеткізіп, барша жастарды қаламызды таза ұстауға шақырды.

Айта кетейік, қала аумағындағы бұл бағыттағы жұмыстарға 4 жарым мыңнан астам адам қатысып, 56 арнайы техника жұмылдырылды. 10,6 шақырым аяқ жол тазаланып, 5500 дана ағаш әктеліп, қырқу жұмыстары жүргізілді. 85 текше метр қоқыс шығарылып, 4365 м ирригациялық жүйелер, 18 658 шаршы метрді құрайтын көше бойы тазаланды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырған болатын. Шымкенттіктер өз қалаларын көгалдандыруға және оны абаттандыруға белсенді кіріскенін атап өткен дұрыс. Қала әкімдігінің жұмысында қаланы көгалдандыру әрқашан бірінші орында тұр. Бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады.

 

Оқылды 21 рет