Жұма, 19 Сәуір 2024 16:13

ШЫМКЕНТТЕ 2024 ЖЫЛЫ 2950 ПӘТЕРЛІ 73 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 112,2 млрд. теңгеге 103 жоба немесе 131 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 119 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 12 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. Бұл туралы Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шымкент қаласында құрылыс қызметі саласындағы атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» брифингте айтылды.

Брифинг барысында ағымдағы жылдың 3 айында құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылатын жұмыстар туралы сөз болды.

«Бүгінгі таңда құрылыс жүргізіліп жатқан 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты тұрғын үйден (239,0 мың шаршы метр) 180 пәтерлі 2 үй (14 мың шаршы метр) пайдалануға тапсырылды. Ал, қалған 2 490 пәтерлі 64 үй жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады» деді Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаев.

Атап айтқанда:

- 73 көпқабатты тұрғын үй (2 950 пәтер, 239,0 мың шаршы метр) /66 тапсырылады, 2 670 пәтер, 207,6 мың шаршы метр/;

- 12 инженерлік инфрақұрылым жүйелері /11 тапсырылады/;

- 11 білім нысандары /10 тапсырылады/;

- 4 мәдениет /4 тапсырылады/;

- 2 спорт /2 тапсырылады/;

- 3 төтенше жағдай /1 тапсырылады/;

- 1264 пәтер сатып алу /900 пәтер жастарға, 364 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына/;

- 2 саябақ /1 тапсырылады/;

- 1 әлеуметтік нысан

- 2 ауылшараушылық /2 тапсырылады/;

- 1 қарулы күштер /1 тапсырылады/;

- 3 мемлекеттік органдар /2 тапсырылады/;

18 жайлы мектеп /12 тапсырылады/.

 

Басқарма басшысының айтуынша, 2024 жылдың 1-тоқсанында 10 382 пәтерден 128 кемшілік анықталып, оның 118-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қайта қалпына келтірілді. Қалған 10 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері басқарма тарапынан келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін мердігер мекемелерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға 0,5 млн. теңге айыппұл салынып, өндірілген.

Басқарма басшысы Олжас Пердабайұлы әлеуметтік құрылыс нысандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.

Қазіргі таңда, қала аумағында басқарманың тапсырысымен 11 білім беру нысанының құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 6 нысан жаңадан салынуда, 5 нысанға күрделі жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ, Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысы іске асырылуда. Оның ішінде, 12 мектептің (17 300 орын) құрылысын 2024 жылы, 6 мектептің (10 300 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

 

 

 

Оқылды 41 рет