Жұма, 19 Сәуір 2024 17:11

ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРҒА 1 264 ПӘТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Шымкент қаласындағы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1 264 пәтер сатып алуға бюджеттен 25,3 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 364 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланған.

Басқарма басшысының айтуынша, 2024 жылдың 1-тоқсанында 10 382 пәтерден 128 кемшілік анықталып, оның 118-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қайта қалпына келтірілді. Қалған 10 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері басқарма тарапынан келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін мердігер мекемелерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға 0,5 млн. теңге айыппұл салынып, өндірілген.

Басқарма басшысы Олжас Пердабайұлы әлеуметтік құрылыс нысандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.

Қазіргі таңда, қала аумағында басқарманың тапсырысымен 11 білім беру нысанының құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 6 нысан жаңадан салынуда, 5 нысанға күрделі жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ, Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысы іске асырылуда. Оның ішінде, 12 мектептің (17 300 орын) құрылысын 2024 жылы, 6 мектептің (10 300 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шымкент қаласында құрылыс қызметі саласындағы атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» брифинг өтті, оның барысында ағымдағы жылдың 3 айында құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылатын жұмыстар туралы айтты.

2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 103 жоба немесе 131 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 119 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылады. Қалған 12 нысанның құрылысы 2025 жылы аяқталады деп күтілуде.

«Бүгінгі таңда құрылыс жүргізіліп жатқан 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты тұрғын үйден (239,0 мың шаршы метр) 180 пәтерлі 2 үй (14 мың шаршы метр) пайдалануға тапсырылды. Ал, қалған 2 490 пәтерлі 64 үй жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады» деді Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаев.

Оқылды 45 рет