Бейсенбі, 25 Сәуір 2024 09:41

ШЫМКЕНТТЕН ОРАЛҒА 25 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

 

Орал қаласында болған су тасқынынан зардап шеккендерге Шымкент қаласынан арнайы көмек жөнелтілді.

Бұл жердегі заттардың басым бөлілі ауыз сулар мен көрпе-төсектер. Қажетті дүниелер сол жақтағы мамандардың арнайы тізімі бойынша жіберілді. Осы бойынша жұмыс атқарған Шымкент қаласының кәсіпкерлері, Кәсіпкерлер палатасының жанындағы өңірлік кеңес мүшелері және Іскер әйелдер кеңесінің атынан салмағы 25 тонна болатын заттар жолдануда.

Бүгін Шымкент қаласынан басқа өңірлерде орын алған су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға кезекті көмек жіберіліп жатыр. Жалпы кәсіпкерлерден 250 млннан. теңгеден астам көмек жиналып, қаржылай және заттай керекті заттар мен техникар кетті, – дейді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Орал қаласында Жайық өзенінің жайылмаларында орналасқан 116 саяжай бірлестігін су басқан болатын. БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің айтуынша, бұл саяжайларда 2 073 отбасы (6 888 адам) тұрады.

Сондай-ақ күні бүгінге дейін облыстың алты ауданы мен Орал қаласында 1 292 тұрғын үйді су басса, соның 902-сіне тұрғындар қайтып оралғанын атап өтті. 375 үйде ешкім тұрып жатқан жоқ. 15-і бос тұр.Облыс бойынша 108 мектепте 75 962 оқушы онлайн білім алып жатыр. Алдын ала су басқан учаскелерден эвакуациялау үшін 8 596 орындық 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды.

Айта кетейік, су тасқынына қарсы жұмысқа жергілікті атқарушы органның және төтенше жағдай қызметінің барлық ресурсы тартылды. Қазір 350 арнайы техника, 2 мыңға жуық адам тасқынға тосқауыл қоюға жұмылдырылған. Сондай-ақ өзге өңірлерден, облыс аудандарынан келген әскери қызметшілер, төтеншеліктер және еріктілер бұл жұмысқа белсене атсалысып жатыр.

 

 

Оқылды 137 рет