Ауқымды іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, жоғары оқу орындарының ректорлары, мектеп басшылары, ата-аналар мен кәсіби бағдар беруші педагогтер қатысты.
Форумның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға сеп болу, еңбек нарығындағы сұранысқа ие бағыттармен таныстыру, жаз мезгілін қауіпсіз әрі пайдалы өткізу жолдарын ұсыну. Қала әкімінің орынбасары С.Құранбек мамандық таңдаудың маңыздылығына тоқталып, бұл қадам өмірлік жолдың бағытын айқындайтынын атап өтті. Ол кәсібін сүйіп, терең меңгерген жастың болашағы жарқын болатынын жеткізді.
Министр кеңесшісі Р.Емелбаев жастарды сұранысқа ие салалармен таныстырып, дұрыс бағытта таңдау жасаудың тетіктерімен бөлісті. Жиын барысында құқық қорғау органдарының өкілдері жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Форумда ұсынылған ойлар мен пікірлер алдағы нақты шешімдерге негіз болмақ.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат