Жексенбі, 28 Сәуір 2024 15:38

ШЫМКЕНТТЕГІ ТҰРАН АУДАНЫНДА ОРНАЛАСҚАН МАЗАРАТ МАҢЫН ТАЗАЛАНДЫ

Тұран ауданы, Құрсай мөлтекауданының тұрғындары аудан аумағына қарасты мұсылман мазараты маңын күл-қоқыстан тазартып, “Таза Қазақстан” акциясына өз үлестерін қосты.

Тұран ауданы әкімдігі мен дін істері басқармасы ұйымдастыруымен өткен сенбілікте жиналған көпшілік бір кісідей атсалысып, мазарат маңын айнадай етті. 

Шара алдын көпшілік аруақтарға арнап құран бағыштады. Сенбілікке белсенділік танытып келген қариялар бата берді.

-Тазалық - иманның жартысы. Халқымыз тазалыққа аса мән берген. Мазарат маңын тазалау сауап істерге жатады. Тек сенбілікті күтпей, әр адам отырған жерін, тұрған жерін таза ұстағаны абзал. Сол сияқты мазарат маңын жылдың төрт мезгілінде де таза ұстау керек,- деді Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы.

Айта кетейік, іс-шараға 200-ден аса адам қатысып, 300 көшет отырғызылды. Мазараттың шөп басқан жерлері тазартылып, маңайындағы бей-берекет қоқыс орындары жойылды. Оған 10 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, аталмыш шара Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында өткізілуде. Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілді.
Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдіріп, қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты.
Акция аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен бірге, 282 шақырым көше бойы, 85 шақырым аяқ жолдары, 59 мың дана ағаштарды әктеу және қырқу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде қаладан 300 тонна шамасында қоқыс шығарылды. 355 шақырым ирригациялық жүйе, 95 аялдама жуылып, 1200 дана қоқыс жәшігі (урна), 285 дана орындық сырланды.

Оқылды 19 рет