Сонымен қатар, 775 адам - алғашқы жұмыс орнына орналасса, 1801 азамат - «Күміс жас» жобасына жолданған. Облыстағы Мансап орталықтары жыл соңына дейін бұл көрсеткіштерді арттыра түсетін болады. Қазіргі жоспарға сәйкес, 2024 жылдың аяғына дейін 118,8 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.
2024 жылы облыс әкімімен бекітілген «Өңірдің жұмыспен қамту картасы» аясында 118,9 мың жұмыс орны ашу жоспарланған. Оның ішінде тұрақты және уақытша жұмыс орындары, сонымен қатар Ұлттық жобалар мен тұжырымдамаларда ашылатын жұмыс орындарына жолдау, 7,2 мың адамға грант және шағын несие беру көзделген. І тоқсанда 38 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп, нақты 38,4 мың адам жұмыспен қамту шараларына жолданды. Тиісінше, тоқсандық жоспар 101% орындалды.
«Еңбек» бағыты бойынша биыл 85,4 мың азаматты, оның ішінде 43,3 мың адамды тұрақты, 42,1 мың адамды уақытша жұмысқа жолдау жоспарланды. І тоқсанда нақты 35,1 мың адам, оның ішінде 8,6 мың адам тұрақты, 26,5 мың адам субсидияланған уақытша жұмыс орындарымен қамтылды. Егін егу, дала жұмыстары басталуына байланысты сәуір айынан бастап әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындары бойынша жоспарлық көрсеткішке сәйкес жұмыссыздарға жолдама беріліп келеді.
Субсидияланған жұмыс орындарының ішінде жоспар көрсеткіші ең жоғарысы қоғамдық жұмыс орындары болып саналады. 2024 жылы қоғамдық жұмысқа 14 мыңға жуық жұмыссыз азаматты жолдау жоспарланған. Соның ішінде 10 мыңға жуық азаматқа жолдама берілген.Облыста экономикалық салаларына сәйкес іске асырылып жатқан 6 Ұлттық жоба мен Тұжырымдама негізінде 397 инфрақұрылымдық жобаға жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп, жұмыс жүруде.
Облыс әкімінің тапсырмасы негізінде облыс бойынша жеке инвесторлар есебінен іске асырылатын 77 жобадағы 741 жаңа жұмыс орнының ашылуына тұрақты түрде бақылау жүргізілуде. Бекітілген кестеге сәйкес инвестициялық жобалар ІІ тоқсанда басталады деп жоспарланып отыр. Барлық инвестормен төртжақты Меморандум түзіліп, бүгінгі таңға 14 жоба басталып 86 жұмыс орны ашылды. Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш аудандары мен Кентау қаласындағы жобаларда жұмыс орындары ашылған. Мақтаарал, Сауран, Созақ, Түлкібас аудандары мен Кентау қаласында жобалар мамыр-маусым айларында басталады деп күтілуде.
Облыста жұмыс берушілердегі бос жұмыс орындары бойынша мәліметтер «enbek.kz» электрондық еңбек биржасына жинақталады. Бүгінде аталған порталға облыс бойынша 1816 тұрақты жұмыс орны жарияланған. Осыған байланысты, аудан, қала әкімдерінің жеке инвестиция тарту арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу әрбір басты міндеттерінің бірі болуы қажет. Күн тәртібінде жұмыспен қамту мен кедейлікті төмендету шараларына қатысты ұсыныстар айтылды. Тапсырмалар бақылауға алынды.
2024 жылы жастарға 3,1 млрд.теңгеге шағын несие беру көзделуде. Бүгінгі таңда ҚР Қаржы мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерімен облыс арасында үш жақты келісімшарт түзіліп жатыр. Биыл шағын несие алушылар бизнес-жоспарларын өндіріс орындарын ашу бағытына назар аударылмақ.
Сонымен қатар өткен жылы жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруды қолдау мақсатында 2,3 млрд. теңге қаржы қаралып, облыс көлемінде 1 688 азаматқа мемлекеттік грант қаражаты ұсынылды. Грант иегерлері қаражаттарын өндіріс саласы, техникалық қызмет көрсету, мал, құс қаруашылығы, көкөніс өнімдері, қол өнер бұйымдары, тамақ өндірісі салаларына бағыттап, өз кәсіптерін ашты. Ал биыл 2 мыңға жуық азаматқа мемлекеттік грант қаражатын ұсыну жоспарланып отыр. Биыл пилоттық жоба аясында Келес, Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай аудандары мен Арыс, Түркістан қалалары ендіріліп, балық шаруашылығы, құс шаруашылығы, көкөніс өсіру мен қолөнер өнімдерін өндіру бағытында бірігіп өз кәсіптерін ашу көзделуде.
Биыл облыс бойынша жеке инвесторлар есебінен 64 жоба (аясында 668 жаңа жұмыс орны ашылуы көзделуде. Нәтижесінде, мемлекеттен қаржыландырылатын жобалар аясында 66 179 жұмыс орны немесе 62 пайызы үлесінде. Жеке инвест жобалар, несиелендіру және жеке кәсіпкер тарапынан ашылатын жұмыс орындар 41 115 орынды немесе 38 пайызды құрайды. Оның барлығы тұрақты жұмыс орындары.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тарапынан халықты жұмыспен қамту, жастарды шағын несиелеу жұмыстарын ұйымдастыру, аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсету, мүгедектігі бар адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуы және де саладағы өзге де мәселелерді шешу жөнінде тапсырмалар берілген.
Солтүстік өңірлерге халықты қоныс аудару жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Түркістан облысынан жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 3 563 отбасы 10 570 адам қоныс аударды. Биыл жұмыс күші артық өңірлерден Солтүстікке қоныс аударуға ниетті азаматтар үшін 7 мыңнан астам квота бөлініп отыр.
Облыста 2023 жылы 157,7 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды. Өткен жылдың қорытындысымен облыста 27 мың аз қамтылған отбасыларға 12,1 млрд.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл 15,2 млрд. теңгеге АӘК-мен қамтамасыз ету жоспарланып, оның 12,2 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен бөлінді.
Мемлекеттен көмекті заңсыз жолмен алушылардың қатары да азаймай отырғаны айтылып жүр. Оларды анықтау мақсатында құзырлы органдармен арнайы шаралар жүргізілетін болады.Бүгінгі таңда 1 мыңға жуық мүгедектігі бар адамдарға бес мезгіл тамақтандыру жүргізілуде. Одан бөлек, жекеше әріптеспен тамақтандырудың барлық кезендерін бақылауға мүмкіндік беретін авторлық құқық зияткерлік меншік «Е-асхана» онлайн бейнебақылау бағдарламасы іске қосылған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат