Бейсенбі, 20 Маусым 2024 11:42

Шымкент: Биыл 3382 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі

2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 275,0 мың шаршы метрді құрайтын 3 382 пәтерлі 77 көпқабатты тұрғын үйдің (Тұран ш/а-2 үй, Бозарық-42 үй, Ақжайық ш/а-33 үй) құрылысын жүргізу жоспарланған. Ал, 67,3 мың шаршы метр құрайтын 712 пәтерлі 11 тұрғын үйдің (Ақжайық ш/а-7 үй, Бозарық ш/а-4 үй) құрылысы 2025 жылға өтпелі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында өткен көшпелі баспасөз конференциясында басқарма басшысы Олжас Тәжібаев мәлімдеді.  

 

Олжас Пердебайұлының мәліметінше, оның ішінде:

- арендалық 8 үй (828 пәтер) (Тұран ш/а-2 үй, Бозарық ш/а-6 үй); 

- кредиттік 69 үй (2554 пәтер), (Бозарық ш/а-36 үй, Ақжайық ш/а-33 үй).

Ағымдағы жылы 77 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метр құрайтын 2 670 пәтерлі 66 тұрғын үйді (кредиттік-62, арендалық-4) пайдалануға тапсырылатын болады. Оның ішінде ағымдағы жылдың наурыз айында 180 пәтерлі (14,0 мың шаршы метр)  2 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.

Басқарма басмшысы, Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысын іске асырылып жатқанын айтты.  Соның ішінде, 12 мектептің (17 300 орын) құрылысын 2024 жылы, ал 6 мектептің (10 300 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған. 

- 2 спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде (№12 спорт мектебі және №15 спорт мектебі). Ағымдағы жылы 1 спорт нысанының құрылысын (№12 спорт мектебі. ҚМЖ-70%) аяқтау жоспарланған. 1 нысан (№15 спорт мектебі. ҚМЖ-10%) құрылысы 2025 жылға өтпелі. 

Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1900 пәтер сатып алуға бюджеттен 34,9 млрд. теңге қарастырылған (ЖБ–30,1 млрдр.тг., РБ–4,8 млрд.тг). 

Оның ішінде жұмыс жасайтын жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1000 пәтерді, нарықтан сатып алу жоспарланған.

Сонымен қатар, 100 көпқабатты тұрғын үйдің (Бозарық-4, ақжайық-9, Тұран-87) ЖСҚ-сы әзірленуде. 

 

Оқылды 203 рет